Мәселе

Бас жүлдесі 1 млн теңге болатын шығармашылық байқау жарияланды

  • Бас жүлдесі 1 млн теңге болатын шығармашылық байқау жарияланды

    Бас жүлдесі 1 млн теңге болатын шығармашылық байқау жарияланды

 Қазақстандағы «Жастар жылы» аясында «A kind heart» қоғамдық бірлестігі «I’m from Qazaqstan» атты видеороликтер бәйгесін ұйымдастыруда.

Бәйге шарты бойынша қатысушылар өздерінің қалалары немесе ауылдары туралы қысқаша видеоролик түсіруі керек. Өз туындысында туған жері туралы, оның қызықты немесе маңызды жерлері туралы баяндап, оның туристер үшін қандай қызықтары бар екенін айтып беруі қажет.


Ең үздік видеоролик авторы бас жүлдеге 1 000 000 теңге алады, екінші орын иесі – 500 000 теңге, ал үшінші орын иесі – 300 000 теңге алады. Бәйге қорытындысы бойынша финалға жеткен қатысушылар Қазақстандағы YouTube компаниясының ресми өкілімен келісімшартқа отырып, өз арналарының дамуына қатысты мамандар кеңесін алады. 


Бәйгенің мақсаты – Қазақстанда видео блог саласын дамыту, жаңа таланттарды ашып, дарынды жастарды қолдау және Қазақстандағы туризм туралы қызықты видео ақпарат санын арттыру.


Жеңімпаздарды құттықтау салтанатты рәсімі 24-25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанды аша отырып» атты халықаралық блогерлер форумында өтеді.

Жарысқа қатысатын жұмыстар тамыздың он екісіне дейін қабылданады. Бәйгеге жасы 18-ге толған еліміздің барлық азаматтары қатыса алады.


Бәйге туралы толық ақпаратты openqazaqstan.kz сайтынан қарап біле аласыздар.




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.08.2019, 15:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30