Мәселе

Бас прокуратура 21 қыркүйекте болатын шеруге қатысты халыққа үндеу тастады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов 21 қыркүйекте өтуі мүмкін митингке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Митингтерге қатысты Бас прокуратура бірнеше рет түсіндіріп өтті. Бірақ мен рұқсат берілмеген жағдайда қандай жауапкершілік жүктелетінін тағы бір еске салғым келеді. Біздің азаматтардың барлығы біледі, митингке шығудың өз процедурасы бар. Межеленген датадан 10 күн бұрын рұқсат алу керек. Егер осы тәртіппен рұқсат алынған болса, оны ұйымдастырушылар ешқандай жауапқа тартылмайды. Ал рұқсатсыз шықса, 15 күнге қамау жазасына дейін қарастырылған. Митингті ұйымдастырушылар азаматтардың құқығына, ұйымдар мен мемлекеттің мүддесіне зиян келтірсе, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚР ҚК 400-бабы бойынша 50 тәулікке дейін қамау да бар. Сондықтан азаматтарға қаратып айтқым келеді - көшеге шықпас бұрын рұқсат алу керек», - деген Бас прокуратура өкілі 21 қыркүйекке жоспарланған митингке қатысу неліктен заңсыз екенін түсіндірді.


«Қазір өздерін «ДВК» деп атайтын ұйым жақтастары 21 қыркүйекте көшеге шығуға үндеп жүр. Оған Қазақстан аумағында экстремистік ұйым ретінде тыйым салынған.


Естеріңізге салғым келеді, 2005 жылдан бері прокурорлардың өтініші бойынша сот 8 ұйымды экстремистік деп таныған. Олар: «Хизбут тахрир әл ислами», «Таблиғи жамағат», «Сенім. Білім. Өмір», «Алға»Халық партиясы», «Халық майданы-Народный вронт», «Ат-Такфир Уа-аль Хиджа» және «Йакын Инкар» және «ДВК». Бұл аталған ұйымдар экстремистік деп танылғандықтан, олардың қызметіне қатысу заңмен қудаланады. Біздің азаматтарға тағы да түсіндіргім келеді - экстремистік ұйымның қызметіне кез келген формада қатысу заңсыз», - деген Сапарбек Нұрпейісов аталмыш ұйымдардың үндеулерін әлеуметтік желі арқылы бөлісудің қандай жазаға апарып соқтыратынын айтты.


«Бұл жерде тікелей қатысу міндетті емес. Біреу жасырын қатысып, көлікпен қамтамасыз етуі мүмкін. Біреу «ДВК» жақтаушылары мен қатысушыларды жүйелі түрде жасырып келуі мүмкін. Біреу қаржыландырып, түрлі үнпарақтар таратуы мүмкін. Әлеуметтік желіде пост пен комментарий таратып, бөлісу де - экстремистік ұйымның жұмысына физикалық, ақпараттық, қаржылай көмектесу деп қаралады. Ал бұған заңмен тыйым салынған. Біз ылғи ескертіп келеміз. Тағы да азаматтарымызға қылмыстық қудалау шеңберінде қалмас үшін заң талаптарын сақтау керектігін ескертеміз» - деді ол.


 


 


 


 


 


 




 




Көрілген: 1116    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 17:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31