Мәселе

Бас прокуратура: Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін

  • https://24.kz

    https://24.kz

Қытайда есіркі тасымалдады деп күдікке ілініп, сотталған жерлесіміз Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».


Бұл жөнінде Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты. Отандасымыз қазір үкімге шағым түсіру кезеңінен өтіп жатыр. Іс аяқталуға жақын. Жуырда Қытай соты үкім шығарады.


«Ақжарқын ақталса жақсы. Егер айыптаушы үкім өзгеріссіз қалса, біздің тарап жерлесімізді Қытайдан сұрауға құқылы. Сол кезде ол жазасын Қазақстанда түрмесінде өтемек», - деді бас прокурордың орынбасары.


Марат Ахметжанов, ҚР БАС Прокурорының орынбасары:


- Сотталған адамдарды беру туралы бізде Қытаймен екіжақты келісім бар. Қытай сотының соңғы шешімін күтетін боламыз. Егер ақтайтын болса, бұл тамаша болар еді. Ал сотталса, Ақжарқын Тұрлыбай ұсыныс айтуға құқылы. Тиісінше, біздің де жерлесіміздің Қазақстан аумағында жазасын өтеу туралы сұраныс жіберуге құқығымыз бар.


Осыған дейін Ақжарқын Тұрлыбай есірткі тасымалдау бойынша тағылған айыпты жоққа шығарды.


Атап өтейік, жерлесіміз аспан асты елінде 2014 жылы ұсталған. 2015 жылы Қытай соты қазақстандық қызды өмір бойына бас бостандығынан айырған еді.


Алайда 2016 жылдың мамырында сот үкімінің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. Енді жуырда тағы үкім шықпақ.


Естеріңізге сала кетейік, Ақжарқынның анасы Зухра Сейтімова Президентке хат жазды. Бұл жағдайды Мемлекет басшысы жіті назарында ұстап отыр.


 




Көрілген: 1517    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.09.2019, 16:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31