Бас прокуратура Алматы полициясының ғимаратына шабуыл жасаған үш адамның өліміне қатысты мәліметтермен бөлісті

02 маусым 2022, 11:00

Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде Алматы полиция департаментіне шабуыл жасаған үш адамның өлімінің мән-жайын анықталғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша 5 қаңтарда Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының екі тумасы қалалық полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған. Бұған дейін олар жоспарларын нақты бөліп алған. Екеуі автоматпен қаруланып, біреуі тұтандырғыш қоспаны қолданған. 

"Олар өз ниетін жүзеге асыру үшін алаңнан жүк таситын әскери көлікті ұрлап, сол арқылы полиция бөлімінің ғимаратына жеткен. Олардың бірі полиция ғимаратына қарама-қарсы орналасқан көпқабатты үйдің шатырына шығып, полицейлерге оқ атқан. Сонымен қатар сыбайластарын қауқалауды қамтамасыз еткен", - деді Елдос Қилымжанов.
Әскери көліктегі тағы бір сыбайласы полиция ғимаратының қақпасын қағып өтпек болған.

"Үшінші қатысушы басқа шабуылдаушыларды жетектеп, оларды шабуылға арналған нысаналарға белгілеп, ғимаратқа тұтандырғыш қоспа лақтырмақ болды. Шабуылды тойтарыс беру нәтижесінде үшеуі де полицияның күшімен жойылды", – деп қорытындылады Қилымжанов.

Еске салсақ қаңтар оқиғасында полицейлерге шабуылдаған мергеннің кім екені анықталған болатын.