Мәселе

Бас прокуратура рұқсат етілмеген митингілерге қатысудың жауапкершілігі барын ескертті

  • Бас прокуратура рұқсат етілмеген митингілерге қатысудың жауапкершілігі барын ескертті

    Бас прокуратура рұқсат етілмеген митингілерге қатысудың жауапкершілігі барын ескертті

Еліміздің Бас прокуратурасы қазақстандықтарға рұқсат етілмеген митингілерге шақыру мен оған қатысудың жауапкершілігі бар екенін ескертті. Үндеунді бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде 1 мамырда рұқсат етілмеген митингілерге қатысу жөнінде шақырулар таратылуда. Бас прокуратура ондай акцияларды өткізген жағдайда оған қатысқандардың әрекеттері бейбiт жиналыстар мен митингiлерді ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңды бұзу ретінде сараланатынын ескертеді", - делінген үндеуде. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының құқықбұзушыларға ден қойып, оларға тиісті шаралар қолдануға міндетті болатыны және осындай акцияларға қатысуға шақырғаны, оларды ұйымдастырғаны, қатысқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауаптылық туындайтыны айтылады. "Егер де бұл әрекеттер елеулі зардап келтіретін болса, онда кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауаптылыққа тартылады. Бас прокуратура, еліміздің жоғарғы қадағалау органы ретінде, азаматтарды заңды мүлтіксіз сақтауға, арандатуға ермеуге және заңсыз акцияларға қатысудан тартынуға шақырады", - делінген үндеуде. 




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.04.2019, 11:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31