Мәселе

Бас санитар Қазақстанда қандай жағдайда карантин күшейтілетінін айтты

  • https://fergana.news/

    https://fergana.news/

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантинді күшейту талаптары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Бас санитардың түсіндіруінше, төтенше жағдай кезінде нақты бір көрсеткіш есепке алынған. Ол – күн сайын тіркелген науқастардың саны. Сол кезде бір аптаның ішінде көрсеткіш 7 проценттен артық болса, қатаң шектеу шаралары енгізілген. Ал 2 процентке дейін түскенде жеңіл карантин қолға алынған. Төтенше жағдайдан кейін коронавирус жұқтыру жағдайлары күрт өскендіктен, мамыр айында тағы екі жаңа көрсеткіш енгізілген болатын.

 

"Оның біріншісі – R0 көрсеткіші. Ол бір науқастан қанша адамның инфекция жұқтырғанын көрсетеді. Екіншісі – ауруханадағы төсек орындарының бос болмауына байланысты", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

 

Оның айтуына қарағанда, карантиннің негізгі мақсаты – инфекцияның таралу тізбегін тоқтату болып табылады. Сондай-ақ, науқастардың саны күрт өспеуі тиіс. Сонда денсаулық сақтау жүйесіне көп салмақ түспейді және кез келген адам ем-дом ала алады.

 

Бүгінде карантин шараларын жеңілдетудің үш кезеңі бар. Әрбір кезеңнің көрсеткіштері әр түрлі. Мәселен, ауруханадағы төсек орындарының 50 проценті, 70 проценті және 90 проценті бос болмаса, тиісті шектеу шаралары енгізіледі.

 

"Төтенше жағдай кезінде R0 көрсеткіші 1,2 болған, ал төсек орындарының 90 проценті бос болмады. Осы көрсеткіштер жақсарса, карантин жеңілдетіледі. Әрине, жағдай нашарлап кетсе, карантинді күшейту шаралары қарастырылатын болады", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.

 

Осы орайда бас санитар карантинді күшейту немесе жеңілдету шаралары адамдардың санитарлық ережені сақтауына тікелей байланысты екенін ерекше атап өтті.


 




Көрілген: 448    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.07.2020, 15:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30