Мәселе

«Басқа біреу болса әлдеқашан қарабет қып, соттатып тынар еді»: журналист жиенінің қылмысы туралы тіс жармай отырған Дина Таңсәріге шүйлікті

  • «Басқа біреу болса әлдеқашан қарабет қып, соттатып тынар еді»: журналист жиенінің қылмысы туралы тіс жармай отырған Дина Таңсәріге шүйлікті

    «Басқа біреу болса әлдеқашан қарабет қып, соттатып тынар еді»: журналист жиенінің қылмысы туралы тіс жармай отырған Дина Таңсәріге шүйлікті

Егер, сол оқиғада туған жиені болмаса, бүкіл еркек біткенді әлдеқашан қарабет қып, соттатып тынар еді. «Не молчи» қоры мен жетекшісінің маскасы осы оқиғамен-ақ шешілген секілді.

Журналист Тоқтар Жақаш «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәріге қатысты пост жазды. Өз жазбасында журналист аталмыш қордың араға жылдан астам уақыт өтсе де Дина ханымның жиенінен зорлық көрген екі қыздың құқығын қорғау туралы тіс жармай отырғанына шүйліккен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Таңсәрінің жиені қыз зорлапты. «Не молчи» неге үнсіз?

Бұл туралы Janalyktar телеграмм-каналы жазыпты. Ал әншейінде «тұрмыста зорлық көрген әйелдердің үнін қоғамға естіртеміз» деп жанығып, әр үйден ыдыс-аяқ сылдырын аңдып отыратын «Не молчи» қоғамдық қорының жетекшісі Таңсәрі қос ұртына су толтырып алғандай үнсіз. Жиенінің зорлығы жайлы ешкім білмей қалса дейтін сияқты», -  деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол екі қызды зорлады деп айыпталып отырған жігіттің Дина Таңсәрінің жиені ғана емес, өзін тәуелсіз журналист санайтын Жанна Бота есімді қашқынның туған ұлы екенін айтқан.

«Украинаға қашып кеткен Жанна Ботаның 31 жастағы ұлы қыз зорлапты. Оқиғаның ресми мән-жайы мынадай екен.

04.10.2020 жылы Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне бір әйелден қоңырау түседі. Кенесары хан көшесіндегі бір үйде екі құрбысын әлдекімдердің зорлықпен қамап отырғанын хабарлайды. Жедел жеткен полиция әбден таяқ жеген, бір топ еркек зорлаған екі қызды әлгі үйден алып шығады. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, зорлаған күдіктілер арасында 31 жастағы Дарханның болғаны анықталады. Ал Дархан болса Жанна Ботаның ұлы, Таңсәрінің туған жиені еді.

Арада бір жылға жуық уақыт өтсе де Таңсәрінің қоғамдық қоры әлгі зорланған екі қыздың құқығын қорғау туралы тіс жармайды. Егер, сол оқиғада туған жиені болмаса, бүкіл еркек біткенді әлдеқашан қарабет қып, соттатып тынар еді. «Не молчи» қоры мен жетекшісінің маскасы осы оқиғамен-ақ шешілген секілді.

Пысы: Бұрын Таңсәрінің белсенділігін менің бір досым «шетелдік грант және гринкарт үшін жанталас» деп жоритын. Өз басым барынша Таңсәріге сенуге тырыстым. Мына оқиға соңғы үмітімді жүзім үзгендей үзіп кетті», - деп атап өткен жазба авторы.




Көрілген: 2264    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.05.2021, 16:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30