Мәселе

Баспана кезегінде тұрған 500 мың адам бір ресурсқа біріктіріледі

  • Баспана кезегінде тұрған 500 мың адам бір ресурсқа біріктіріледі

    Баспана кезегінде тұрған 500 мың адам бір ресурсқа біріктіріледі

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ әдіснама департаментінің директоры Марғұлан Әбдікәрімов Тұрғын үй саясаты туралы жаңа заңның баспана кезегін қалай реттейтінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заңнамаға тұрғын үй саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін заң жобасы дайындалған болатын. Регламент бойынша құжат қоғамдық тыңдаудан өтіп, ашық деректердің порталына жарияланды. Қазір құжат мемлекеттік органдардың мақұлдауында жатыр. Бірден айтқым келеді, бұл заң жергілікті атқарушы органдардағы баспана кезегін реттеуге бағытталған. Заңның негізгі тетігі сол десе де болады. Құжат «Отбасы банктің» құрылуымен тығыз байланысты. Қазақстандағы баспана кезегінің бәрі осы «Отбасы банкке» шоғырландырылады. Бұл - 500 мыңнан астам кезекте тұрған адам деген сөз. Әр өңірде көрсеткіш әртүрлі. Сәйкесінше, кезектегілердің баспана алу ісіне жаңа тетіктерді енгізу тұрғын үй қатынасы туралы заңмен реттеледі», - деді департамент директоры. Сондай-ақ, ол аталған құжаттың қашан Үкіметке ұсынылатынын атады. «Заңның басты мақсаты – халықты баспанамен қамтудың жаңа тәсіл механизмін пысықтау. Қазір заң мемлекеттік органдардың ақырғы мақұлдауында жатыр. Шілде айының соңына дейін мақұлдаудан өтеді деп отырмыз. Әрі қарай регламент бойынша Үкіметке енгізіледі», - деп түйіндеді Марғұлан Әбдікәрімов.
ҚазАқпарат.




Көрілген: 1165    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 15:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30