Мәселе

Басшы кабинетіндегі аң-құстың терісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • Басшы кабинетіндегі аң-құстың терісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Басшы кабинетіндегі аң-құстың терісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Басшы кабинетіндегі аң-құстың терісі тергеуге түрткі болды. Қазақтың спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов жойылып кетудің алдында тұрған аңдардың терісін кабинетіндегі жиһазға жайып тастаған суреттен кейін қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Ректордың коллекциясына қатысты төрт айлық тексерістен кейін полиция қылмыстық іс қозғады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі: - Аталмыш қылмыстық іс қазір Алмалы аудандық полиция басқармасында тергелуде. Тиісті тергеу амалдары мен сараптамалар жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу реті және басқа да мән-жайлар жария етілмейді.

Білдей Спорт және туризм академиясының президентіне қатысты жанжал қаңтарда шыққан. Белгілі спортшы Жанқош Тұраров Қайрат Закирьяновпен бірге түскен суретін әлеуметтік желіге жүктеп, байқамай басшының бағалы коллекциясын бүкіл елге жария қылған. Басшының терілерді сонау Африкадан атып әкелгені белгілі болды. Зебра, кенгуру, аю, антилопа, тіпті керіктің терісін аяқ астына кілем етіп төсейді екен.

Тергеушілердің сұрағы қар барысы мен түркістандық сілеусіннің терілері және қабырғадағы аққуларға қатысты. Суретте көрініп тұрғандай, академия президенті Қызыл кітапқа енген жануарлардың бірін жиһаз, енді бірін төсеніш ретінде қолданған. Басы дауға қалған басшы терілерді «таныстарым сыйлады» деп, бастапқыда жауаптан жалтарған болатын. Тіпті «жасанды» деп те жұртты шатастырмақ болды. Алайда полицияның қылмыстық іс қозғауына қарағанда терілер жасанды емес. Ал оқу орнының басшысы терілерге қатысты қандайда бір сұхбат беруден бас тартты.

Әлия Бейсебаева, Қазақтың спорт және туризм академиясы президентінің баспасөз хатшысы: - Бұл жағдай бойынша түсініктеме беруден бас тартамыз. Бұған дейін айтқанымыздай, қар барысының терісі академия басшысына сыйға тарылған. Қазақ туризм және спорт академиясының президенті өзі қалаған кезде мәселенің мән-жайын түсіндіріп сұхбат береді.




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

жұма, 02.04.2021, 10:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31