Мәселе

«Бассыздық!»: ОҚМПУ-нің экс-ректоры бұрынғы жұмыс орнының есігін торуылдап жүр

  • «Бассыздық!»: ОҚМПУ-нің экс-ректоры бұрынғы жұмыс орнының есігін торуылдап жүр

    «Бассыздық!»: ОҚМПУ-нің экс-ректоры бұрынғы жұмыс орнының есігін торуылдап жүр

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің экс-ректоры Анар Қайырбекова бұрынғы жұмыс бөлмесіне кіріп, заттарын ала алмай оқу ғимаратының есігін торуылдап жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Лауазымды қызметте болған Анар Қайырбекованың әлеуметтік желіде жазған жазбасына сенсек, Оны оқу ғимаратына кіргізбеу туралы бұйрықты министр Асхат Аймағамбетовтың өзі берген көрінеді.

«Кабинетімнен жеке заттарымды жинап алып кету үшін бір сағаттан астам уақыттан бері университет ғимаратының алдында тұрмын. Мені кіргізбей жатыр. Ректор қызметінің міндетін атқарушы, бөлім бастығы Сугербаева Гүлжан шыны жабық есік арқылы менің жұмыстан босатылуым туралы бұйрықты көрсетті және министр Аймағамбетовтың мені ғимараттарға кіргізбеуін бұйырғанын айтты. Бассыздық!», - facebook парақшасында экс-ректор осылай жазба қалдырды.

Instagram-дағы "@open.shymkent" парақшасында жарияланған мәліметтерген көзжүгіртсек, онда бұрынғы ректордың не себепті жұмыстан қуылғаны туралы ақпарат бар.

«ОҚМПУ» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті) басқарма төрағасы Анар Қайырбекова қызметінен қуылған.

ҚР Еңбек кодексінің «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңын және «ОҚМПУ» ҰАК жарғысын басшылыққа ала отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 7 ақпандағы бұйрығымен Анар Қайырбекова қызметінен босатылды.

Өкінішке орай, А.Қайырбекованың жұмысын ұйымдастыруда кемшіліктер болған, ҚР Білім және ғылым министрлігі алға қойған міндеттер орындалмады, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі. 




Көрілген: 751    Пікірлер: 0

сенбі, 15.02.2020, 12:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31