Мәселе

Бауыржан Байбектің алматылықтармен "қоштасқан" жазбасы

  • © Zakon.kz

    © Zakon.kz

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Алматы тұрғындарына жүрекжарды лебізін білдіріп, елбасына алғысын жеткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Бауыржан Байбек инстаграмдағы парақшасында жазды.


"Құрметті алматылықтар! Өзім туып-өскен Алматыға қызметке келгенім күні кеше ғана секілді еді. Міне, 4 жыл өте шығыпты. Осы кезеңде сүйікті қаламызға аянбай еңбек еттім. Көптеген жобаларды бірлесе іске асырдық.



Маған үлкен сенім артып, Алматының әкімі етіп тағайындаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысым шексіз. Атқарылған әрбір игі іс Елбасының зор қолдауымен іске асты.



Сондай-ақ, Президент лауазымына кіріскеннен үнемі қолдау білдіріп, Алматыға арнайы келіп, метро және жолайырықтар құрылысының қарқынын үдетуге, қосылған аудандарда инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсеткен, сайлаудан кейін мені қайта тағайындаған Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үлкен алғыс білдіремін.



Қала әкімі қызметіне кірісе сала «Nur Otan» партиясының басымдықтары негізінде «Алматы-2020» бағдарламасын әзірлеп, оны қоғаммен тікелей талқыладық. Ол ойдағыдай іске асуда. «Қала адамдар үшін» концепциясы аясында бірқатар көшелер жаңғыртылды, өндіріс ошақтары ашылды, экономика өркендеп, ауқымды инвестициялар тартылды.



Қызметіміздің үлкен бір бағыты ұлттық рухты көтеру болды. Елбасы қолдауымен ЮНЕСКО аясында Алматының 1000 жылдығын атап өтіп,қаламыздың өткенінен сыр шертетін «Алматы музейін» аштық. Осылайша, Алматының мыңжылдықтар бұрын бабалар салған алтын бесік, атажұрт екенін айшықтадық. Ұлттық өнерімізді дәріптейтін халықаралық шаралар ұйымдастырып, бірқатар өнер ордаларын аштық.



Енді бүгін қарапайым азаматтардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өзекті мәселелердікөтеріп келе жатқан, халық пен биліктің арасындағы дәнекер – «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалдым. Ел тарихындағы осынау жауапкершілігі мол тұста сенім артып отырған Елбасыға үлкен алғыс айтамын.



Халықтың мемлекетке және ертеңгі күнге деген сенімін арттыруға, ел бірлігін нығайтуға, яғни Елбасы бағдарын іске асыруға бағытталған партия саясатын орындауға бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз.



Баршаңызға ықыласымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!" делінген жазбада.


 




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

сенбі, 29.06.2019, 16:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31