Мәселе

Бауыржан Байбектің Жанболат Мамайға қатысты сотқа талап арыз берді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Бауыржан Байбектің өкілі Айжан Тәшенова өзінің Facebook-тегі парақшасында азамат Жанболат Мамай мен оның жұбайы Инга Иманбаеваға қатысты Алматы қаласы Әуезов ауданы №2 аудандық сотына азаматтық тәртіппен ар-намысты, абырой мен іскерлік беделді қорғау туралы талап арыз бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес еліміздің кез келген азаматы құқығы бұзылған жағдайда оны үш түрлі аяда қорғай алады: қылмыстық, әкімшілік және азаматтық.

 

Бауыржан Байбек өзінің жеке ұстанымына сүйеніп, жауапкерлерді қылмыстық және әкімшілік қудалаудан бас тартып, істі азаматтық қараумен шектелуді жөн көрген.

 

Осылайша, ол жеке тұлға ретінде талап арызды өзін негізсіз және жария түрде ауыр қылмыспен айыптап отырған басқа жеке тұлғаларға қатысты береді.

 

«Құрметті достар! Бүгін мен Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің мүддесін білдіруші заңгер ретінде Жанболат Мамай мен оның жұбайы Инга Иманбаеваға қатысты Алматы қаласы Әуезов ауданы №2 аудандық сотына азаматтық тәртіппен ар-намысты, абырой мен іскерлік беделді қорғау туралы талап арыз бердім. Бұл талап арызды беруге Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның биылғы 13 сәуірде «Демократиялы Қазақстан/Демократический Казахстан» youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырған бірқатар бейнематериалдары негіз болып отыр. Жарияланған материалдарда жауапкерлер «журналистік зерттеуді» себеп етіп, Б.Байбекті сыбайлас жемқорлықпен және қызмет бабын асыра пайдаланды деп жария түрде, үзілді-кесілді және дәлелсіз айыптайды. Аталған материалдарға жасалған талдау бейнероликтерде жалғыз ақпарат көзі – анонимдік «Uzyn Qulaq» телеграм-арнасының ақпаратын ғана негізге алған. Бұл арна – өсек-аяңды, долбарды, тексерілмеген және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратумен айналысатыны мәлім. Талапкер (Б. Байбек) атына қарата айтылған айыптаулардың бұдан бөлек шынайы дәлелдемелік базасы мен расталған дерегі Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның бейнематериалдарында да, тіркелмеген ҚДП сайтында да ұсынылмаған. Биыл 19 сәуірде, бір аптаға жетпейтін уақытта Бауыржан Байбек қажетті ресми құжаттар мен басқа да материалдарды көрсете отырып, барлық айыптауларды жария түрде жоққа шығарды.

 

Бұл ретте, Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның айтқан сөздерінің жалғандығын, жалаңсөзділігін және арсыздығын ескере отырып, Б.Байбек өзінің ар-намысын, абыройы мен беделін сот арқылы қорғау құқығын пайдалану жөнінде шешім қабылдады. Сондықтан азаматтық заңнама аясында біз бейнематериалдар авторлары айыптауларының негізсіздігі мен мағынасыздығын дәлелдеуге ниеттеніп отырмыз. Талапкердің ел алдында жүрген тұлға екендігін, соған орай бұл жағдай мен алдағы процестің үлкен резонанс тудыратынын ескеріп, сондай-ақ Ж.Мамайдың әр түрлі тәсілді қолдану арқылы қоғамдық пікірді бұрмалау ықтималдығын болдырмау үшін, мен жұртшылықты сот процесінің барысымен жедел және объективті түрде хабардар етіп отыратын боламын. Мұны ешқандай саясатқа араластырмай, іске қатысы жоқ бағалауларсыз тек құқықтық аяда атқарамын», - деп жазды заңгер Facebook парақшасына.

 

Бауыржан Байбек ақиқатқа көз жеткізу, Ж.Мамай мен И.Иманбаева таратқан мәліметтердің жалғандығын дәлелдеу және өзінің беделін қалпына келтіру мақсатын ғана басшылыққа ала отырып, келтірілген моральдық залалға материалдық өтемақы өндіріп алудан да бас тартты.

 

<iframe width="550" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/sW0hsZRV6dU" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

 

 

 

 

 




Көрілген: 720    Пікірлер: 0

жұма, 30.04.2021, 19:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30