Мәселе

Байлар мен кедейлер табысындағы үлкен айырмашылық Алматы мен ШҚО-да

  • Байлар мен кедейлер табысындағы үлкен айырмашылық Алматы мен ШҚО-да

    Байлар мен кедейлер табысындағы үлкен айырмашылық Алматы мен ШҚО-да

Қазақстанда ауқатты адамдар табысы кедейлерге қарағанда шамамен алты есе жоғары. Бұны 2021 жылдың екінші тоқсанындағы Ұлттық статистика бюросы деректерінен көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, ең бай адамдардың 10 пайызы ай сайын шамамен 320 миллиард теңге алады. Ал кедейлердің 10 пайызы - 54 миллиард теңге.

 
Өңірлер бойынша ең үлкен айырмашылық Алматы мен Шығыс Қазақстанда байқалады. Байлар кедейлерге қарағанда жеті есе көп ақша табады, дейді сарапшылар. Павлодар мен Ақмола облыстарында интервал одан азырақ.

Нұр-Сұлтанда байлардың табысы кедейлерден төрт есе, Шымкент пен Маңғыстау облысында үш есе жоғары.

Сондай-ақ, кедей қазақстандықтардың 10 пайызының айлық табысы 33 мың теңгеге дейін, ал байлардың 10 пайызы 115 мыңнан миллион теңгеге дейін табатыны анықталды.

2021 жылдың сәуіріндегі мәлімет бойынша, Қазақстанда байлар мен кедейлер саны артқан.




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 10:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31