Мәселе

База ақшаны артық көрсеткен: 21 мың теңге жәрдемақыдан қағылған көпбалалы ана сотта жеңіп шықты

  • База ақшаны артық көрсеткен: 21 мың теңге жәрдемақыдан қағылған көпбалалы ана сотта жеңіп шықты

    База ақшаны артық көрсеткен: 21 мың теңге жәрдемақыдан қағылған көпбалалы ана сотта жеңіп шықты

Қарағанды облысында табысын жасырды деп, әлеуметтік көмектен қағылған көпбалалы ана соттан жеңіп шықты. Нұрсұлу Алқайдарованың кінәсіз екеніне көз жеткізген әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сотқа түсірген арызын кері қайтарып алды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.


«Талап қоюшы Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының жауапкер Нұрсұлу Алқайдароваға қатысты соманы өндіру туралы талабы қараусыз қалдырылсын», - делінеді сот үкімінде.


Бір ай бойы сот пен әкімдіктің арасында жүгірген Нұрсұлудың қуанышында шек жоқ. Ол еңбегі далаға кетпегенін айтады.


Мектепте от жағушы болып жұмыс істейтін күйеуінің ай сайынғы зейнетақысы тиісті жалақысынан асып кетіп, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі табысын жасырып қалды деп сотқа берген. Мәселе есеп бөлімінің зейнетақыны дұрыс көрсетпеуінен шыққан. Техникалық ақауларға байланысты, зейнетақыны жүктей алмай, ақыры мәліметтер базасы ақшаны артық көрсетіпті.


Бұл аздай, тексеріс барысында құжаттарға Нұрсұлу Алқайдарованың орнына бөтен адамның қол қойғаны да белгілі болды. Бірақ ол бойынша сот отырысында сөз қозғалған жоқ.


«Менің тегім көрсетілген. Бірақ қойылған қол менікі емес. Оның қалай жабулы күйде қалғанын білмеймін. Әрі қарай оны қудалау керек пе, жоқ па, білмеймін. Бір жағынан қорқамын», - дейді көпбалалы ана.


Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында атаулы әлеуметтік көмек алып келген көпбалалы ана Нұрсұлу Алқайдарованың сотқа тартылғанын хабарлаған едік. 




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 11:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30