Мәселе

"Бекболат Тілеухан әскери техника сатуға көмектесті" деген азамат мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

"Шетелге әскери техника саттық, оған Бекболат Тілеуханның қатысы бар" деген атышулы видеодағы адам күтпеген жерден мәлімдеме жасады және ол Бекболат Тілеуханның есімін біреулердің қысымымен атағанын мәлім етті.

 

Видеоны "Желтоқсан рухы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Рысқұлбеков facebook-тегі жеке парақшасына жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы

 

Ондағы адам таяуда шыққан видеода айтылғандардың бәрі жалған екенін мәлімдейді.

 

"Видеода аты-жөні аталған адамдар өмірде жоқ, ешқандай мемлекеттік құрылымдарға қатысым жоқ. Бұның бәрін бірқатар адамдардың қысымымен айттым. Сондай-ақ Бекболат Тілеуханнан кешірім сұрағым келеді. Абройыңызға кір келтіргенім үшін мені кешіріңіз. Қайталап айтам, мұның барлығы жалған. Кешіріңіздер мені" делінген видеода.

 

Ал видеоны жариялаған Талғат Рысқұлбек төмендегідей жазба қалдырыпты:

 

"Жерден жеті қоян тапқандай", Бекболат Тілеуханға жала жапқандар мен оны таратқан, Шіріген жұмыртқалар мен "шіріген блогерлерге" әсіресе "Тоқтар Жақаш бейшараға"

 

Құранның Ра'д сүресінің 25-аятында айтылғандай;

 

Сондай, Аллаһқа берген серттерін бекіткеннен кейін бұзғандар және Аллаһтың, бірлесуін бұйырған нәрселерді бөлгендер әрі жер жүзінде бұзақылық істегендер, міне лағынет осыларға. Сондай-ақ мекеннің жаманы солардікі...-дегендей,
Аллаһтың Лағынеті соларға болсын!, деп жазды ол,

 

Еске салсақ, жуырда әлеуметтік желіде видео тарап, онда белгісіз адам шетелге әскери техника сатып жүргенін және артында Бекболат Тілеухан есімді адамның тұрғаны айтқан болатын.

 

ВИДЕО:   www.facebook.com/talgatryskulbek/videos/2645744509009249/

 

ВИДЕО:  www.facebook.com/talgatryskulbek/videos/2645741192342914/

 

kaz.caravan.kz




Көрілген: 1215    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 14:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31