Мәселе

Бекболат Тілеуханның келіні қайынағасымен арасы суып кеткенін айтты (видео)

  • instagram / Бекболат Тілеухан / Тоғжан Қожалиева

    instagram / Бекболат Тілеухан / Тоғжан Қожалиева

«ХАҚ» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Тоғжан Қожалиева қайынағасы Бекболат Тілеуханмен арасы суып кеткенін айтты. Туыстардың салқындығына саяси көзқарастың қайшылығы себеп болған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Бекболат Тілеухан сұхбаттарында саясаткер келіні туралы қатқыл сөйлеген болатын.

 

 

"Әйел адамның саясатпен терең айналысқанына өте қарсымын. Оның үстіне келінім айналысса, тіпті біртүрлі. Інім шетте тұрып, келінімнің белсенді болғаны ұстаныма жат нәрсе. Болмайтынын айттым. Бірақ тілімді алған жоқ... Тәрбиесі бөлек болып тұр. Әйтпесе, қайнағасымен жағаласып жатпайды...", — деген еді депутат.

 

facebook.com/bekbolat.tleuhan

 

Бекболат Тілеуханның пікірінше, партия бастауға үлкен харизма керек. Саясаткерлерге тән ерекше параметрлер болады. Келінінен ондай қасиеттерді көрмейді екен.

 

Тоғжан Қожалиева сұхбатта айтқандарының бәрі шын екенін растады.

 

Басында маған тыйым салған. Оның ұстанымынша, әйелдің басшылық жасамауы тиіс. Күйеуім арқылы бірнеше мәрте ескерткен. Мені өзгерту қиын. Жиырма төрт жасымнан саяси белсенді болдым. Күйеуге қырық жасымда шықтым. Енді кеш, — дейді Тоғжан Қожалиева.

 

instagram.com/togzhankozhalieva

 

Айтуынша, сәлемі түзу болғанымен, саясаттың кесірінен жақын араласпайтын болған.

 

Арамыз суып қалғаны жасырын емес. Бастысы, күйеуім қолдайды. Көзқарасымыз бір. Туысқандықтың жөні бөлек болғанымен, елді де ойлау керек, — дейді Бекболат Тілеуханның келіні.

 

Тоғжан Қожалиева "әйел саясатпен айналыспасын, басшы болмасын" деген пікірмен үзілді-кесілді келіспеймін. Оның пікірінше, қазіргі заман мүлде басқа.

 

"Бала күні бойы қазір балабақшада, мектепте жүреді. Үй шаруасын қазір техника істейді. Үйде ауыр жұмыс жоқ. Сонда, әйел күні бойы сериял қарап отыруы керек пе? Онда деградацияға ұшырайды. Саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін оның әке-шешесі де дамыған адамдар болуы тиіс", — дейді Тоғжан Қожалиева.




Көрілген: 5811    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.10.2021, 16:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30