Мәселе

Бекшин қоластындағы қызметкерінің тойда жүрген видеосын түсіндірді

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Қымбат Қызайбекованың тойда жүргені көрсетілген видеоға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды qamshy.kz.

 

Бекшиннің айтуынша, видеодағы қызметкер оның баспасөз хатшы емес, мемлекеттік қызметкер де емес. Ол мәтінге аудармай жасайтын маман ғана.

 

Сондай-ақ Жандарбек Бекшин тойда жүргені бейнеленген видео осыдан екі жыл бұрын түсірілгенін хабарлады.

 

– Орынбасарым бұл жағдайды анықтады. Бұл қызметкер 2020 жылғы қыркүйектен бастап жұмыс істейді және баспасөз хатшысы емес. Тек мәтіндерге аударма жасайды. Ол мемлекеттік қызметкер емес. Менің хатшым 25 наурызда денсаулығына байланысты жұмыстан кеткен. Қазір орнында Мұхамедияров отыр. Видео екі жыл бұрын, пандемияға дейін түсірілген, – деді Бекшин.

 

Видеодан тойханда үйлену тойының өтіп жатқанын және ондағы қонақтардың түрлі ойын ойнап, көңіл көтеріп жүргенін көруге болады.

 

 

Бекшиннің сөзіне күдіктеніп, "видеоға мәтін жазу функциясы 2020 жылдың соңында ғана пайда болғанын айтқан желі қолданушылардың пікіріне қаланың бас санитары "мұны тәжірибелі тергеуші анықтауы керек" деп қысқа қайырды .

 

 




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 19:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31