Белгілі кәсіпкер Мұхтар Шахановтың пәтерақысын төлеп беретін болды

16 сәуір 2018, 09:04

Алматы қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген танымал ақын Мұхтар Шахановтың пәтерақы қарыздарын төлеп беретін болды.

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген танымал ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың коммуналдық қызметтерге жиналып қалған қарызын төлеп беретін болды. Сонымен қатар кәсіпкер ақынның алдағы бір жылдық шығындарын да төлемек.Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн бұрын ақын Мұхтар Шаханов пәтерақысын төлей алмай отырғанын айтқан еді.

sn.kz