Мәселе

Белгілі қазақстандық журналист қайтыс болды

  • © Sputnik / Абзал Калиев

    © Sputnik / Абзал Калиев

 "Комсомольская правда – Казахстан" газетінің бас редакторы Виктор Кияница 57 жасында көз жұмды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға отбасының досы хабарлады.

 

Белгілі қазақстандық журналистің неден қайтыс болғаны белгісіз.

 

Виктор Кияницаның өмірбаяны

 

Виктор Кияница 1964 жылы 4 шілдеде Алматыда дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдады. Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі.

 

Журналистік қызметін "Комсомольская правда" газетінің тілшісі болып бастады. 1990 жылдардың басында "Московские новости" газетінің Қазақстан мен Орта Азиядағы меншікті тілшісі, ал кейін "Огонек" журналының Қазақстандағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеді. 1997-1998 жылдары Gala-TV телекомпаниясының шеф-редакторы, 1998 жылы "Хабар" агенттігінде "Жеті күн" бағдарламасының жетекшісі болды.

 

Оқи отырыңыз: Қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин қайтыс болды

 

1998-1999 жылдары Кияница премьер-министрдің баспасөз қызметін, кейін Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры қоғамдық байланыс орталығының баспасөз қызметін басқарды.

 

2002-2003 жылдары Қазақстандағы "Комсомольская правда" ЖШС бас директоры болды.

 

Арадағы аздаған үзілістен кейін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінде істеді.

 

2005 жылы "Страна и мир" газетінің бас директоры қызметін атқарды. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі болды.

 

Соңғы қызметі – "Комсомольская правда – Казахстан" газетінің бас редакторы.

 

Виктор Кияница – "Алтын жұлдыз" байқауының лауреаты, Қазақстан президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері.

 

 

 

 




Көрілген: 787    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 10:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31