Мәселе

Бес баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма - министр не дейді

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов алапат өрттен кейін бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Қасымов өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.


"Сараптама жүргізу керек. Өрттің шығуына пеш себеп болған", - деді министр үкімет кулуарында.


Сондай-ақ, өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін марқұм қыздардың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма деген сауалға да жауап берді.


"Менің ойымша, бұл іс қозғайтындай жағдай емес", - деді Қасымов.


Еске сала кетсек, ақпанның үшінен төртіне қараған түні Астанадағы Көктал-1 тұрғын үй алабында "времянка" өртеніп, бес бала көз жұмды. Қаза болғандардың барлығы – қыз. Балалардың ата-анасы түнгі уақытта жұмыста болған.


Министр Әбілқасымова бес баласынан айырылған ата-анаға барып көңіл айтты


Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев марқұм балалардың ата-анасына көңіл айтып, әкімдерге тиісті тапсырмалар берді.


 




Көрілген: 643    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.02.2019, 15:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30