Бес қалада ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Синоптиктердің мәліметінше, 13 ақпан күні 5 қалада &ndash Петропавл, Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Талдықорғанда ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық ахуалы қалыптасады.
 
Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.
 
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
 
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.