Мәселе

Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • kazpravda.kz

    kazpravda.kz

Қазақстанда бес облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

 

2 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 

2 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

 

Шымкентте ертең күндіз батыстан соққан жел 15-20 м/с күшейеді.

 

2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, қар жауады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

 

Өскеменде ертең күндіз жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

 

Семейде ертең күндіз жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін. Жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

 

2 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

 

2 наурыз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

 

Оралда ертең күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

 

 




Көрілген: 658    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 20:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты
    28 Наурыз, 21:45
    Алматы жабыла ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30