Мәселе

"Бесінші балама жүктімін, күйеуім үшінші әйел алды": Қазақстандық әйел өз құқығын қорғау үшін көмек сұрайды

  • "Бесінші балама жүктімін, күйеуім үшінші әйел алды": Қазақстандық әйел өз құқығын қорғау үшін көмек сұрайды

 Түркістан облысы тұрғыны күйеуінің көп әйел алғанын айтып, желіге видеоүндеу жолдады. Әйелдің айтуынша, күйеуі оның рұқсатынсыз үшінші әйел алып келген. Бұл оқиға көпшілік арасында қызу талқыға түсті.

«Мен 1993 жылғымын. Менің күйеуім үшінші әйел алды. Бүгін беташар болды. Менің төрт балам бар, бесіншісіне жүктімін. Менің сұрайвн дегенім. менің құқығымды қорғайтын заң бар ма?», - деді ол.

Видео журналист Гүлмира Әбіқайдың парақшасында жарияланған.

Карантин талабын бұзғаны үшін жиын ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады полиция Sputnik Қазақстанға.

«Карантиндік іс-шараларды сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар барысында учаскелік қызметкерлер ауылда отбасылық мереке - беташар фактісін анықтады, материалдар жинады. ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес, оларды СЭС-ке өткізді. СЭС-ке сәйкес әкімшілік хаттама жасалды, ол сотқа жолданды», - деді агенттікке Түркістан облысының полиция департаменті.

Адвокаттар көп әйел алған ер адамдарды қалай жазалауға болатынын айтты.

«Біріншіден, бізде көп әйел алу ұғымы жоқ. Екіншіден, егер некеде тұрған адам басқа адаммен некені тіркейтін болса, онда мұндай неке заңсыз болып саналады. Бұл заңда жазылған», - деді адвокат Ренат Қадыров.

«Неке және Отбасы» кодексінің 11-бабына сәйкес, некеде тұрған адамдар арасында некеге тұруға жол берілмейді.

Бұл жағдайда, егер аталған бапта белгіленген шарттар бұзылған болса, сот некені жарамсыз деп таниды.

«Мұндағы мәселе, заңмен реттелмеген діни дәстүрлерге сәйкес жасалған неке туралы болып тұр. Егер бұл жағдайда бәйбіше күйеуінің мінез-құлқына қанағаттанбаса, онда ол некені бұзу құқығын пайдалануы керек», - деп түсіндірді адвокат Евгений Сейпулник.

Неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының қайсысымен тұратынын, ата-аналардың қайсысы және балаларын асырау үшін алиментті қандай мөлшерде төлейтінін сот анықтайды.

Бұған дейін депутат Жұлдыз Омарбекова елдегі әйелдер өз құқықтарын білуі керек екенін және «ресми екінші әйел» ұғымы заңды түрде жоқ екенін баса айтты.

Sputnik Қазақстанға.

 




Көрілген: 762    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 20:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31