Беташарда ақша орнына шөп салған жігіт жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

28 ақпан 2022, 22:20

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы Құттықожа ауылында беташарға жігіттің жолдастары шөп әкелді. Асаба қазір ауылда шөп тапшы екенін айтып, жігітке алғысын білдіріп жатыр. Келіннің бетін танымал әзілкеш Есқара Бейбітов ашқан, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Беташар табағына ақшадан бөлек, шөп әкелген жігіттің әрекеті ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Онда келіннің сәлеміне Ерболсын есімді жігіттің досы екі түк шөп тастайды. Асаба ауылда шөп бағасы қымбат екенін айтып, үйленіп жатқан жігітке "келіннің көзіне шөп салма" деп той қонақтарын күлдірді.

 

 

Былтырғы қуаңшылық кезінде Қызылорда облысында мал жаппай қырылған болатын. Шөп тапшылығы мұнда әлі де өзекті мәселе екенін мына беташардан байқау қиын емес.