Мәселе

"Бетперде тағу қауіпсіздік белдіктерін пайдалану сияқты қадағалануы керек" - Алексей Цой

  • "Бетперде тағу қауіпсіздік белдіктерін пайдалану сияқты қадағалануы керек" - Алексей Цой

Коронавируспен күресте қабылданған шаралардың тиімділігі 70% азаматтардың санасына және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына байланысты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Covid-19 аурушаңдығы мен өлім-жітімі бойынша жағдайды одан әрі тұрақтандыру үйлесімді жұмыс пен экономиканың барлық секторларын тартуға байланысты екенін ерекше атап өткім келеді. Атап айтқанда, қабылданып жатқан тұрақтандыру шараларының тиімділігі медициналық көмек пен эпидемиологиялық іс-шаралардың сапасына тек 30%-ға ғана байланысты. Осылайша, қалған 70%-ы бетперде режимін және 30%-ы гигиенаны сақтау, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтау - 40% құрайды", - деді денсаулық сақтау министрі.

Министрдің айтуынша, үйден тыс жерлерде маска тағу инфекцияның таралуын 30%-ға азайтады. Инфекцияның таралуында қол тазалығы да ерекше рөл атқарады.

"Осыған байланысты, біріншіден, қауіпсіздік белдігін міндетті түрде қолдану сияқты мүдделі мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарды тарта отырып, бетперде режимін сақтау үшін бизнестің бақылауы мен жауапкершілігін күшейту қажет", - деді Цой.

Екіншіден, барлық қоғамдық орындарда қолды өңдеу үшін санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету.

Үшіншіден, барлық ақпараттық арналар бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әлеуметтік қашықтық принципі де сақталуы керек.




Көрілген: 510    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 09:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30