Мәселе

"Беттеріңе айтайын": Ақтөбеде әкімнің алдына келген аналар жылап жіберді

  • "Беттеріңе айтайын": Ақтөбеде әкімнің алдына келген аналар жылап жіберді

Ақтөбеде көп балалы аналардың шешілмей жатқан мәселесі жетерлік. Тұратын баспанасы мен тіркеуі жоқ аналар бүгін қала әкімінен көмек сұрап келіп еді тағы да дау шықты. Мәселелерін бұған дейінгі әкімдерден бастап осы күнге дейін шеше алмаған әйелдер әр мекеменің есігін қағып шаршағандарын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.


Қала әкімімен кездесуге келген көпбалалы аналардың жиыны бірдей айқайға ұласты. Біреуі ел ішінде жыр болған атаулы әлеуметтік көмектен тұрғылықты жері болмай қағылғанын, енді біреулері алған ақшаларын мемлекетке қайта қайтара алмай отырғандарын айтады. Тіпті кейбір аналар кәсіптеріне грант бөлеміз деп билік өтірік оқытты деп наразы. Ал тұрғын үй мәселелерін жылдап шеше алмай жүргендер әкімдікке мүлдем сенімсіздік танытты.


"Тек мына жерде аналарды жинап аласыздар, арыз жазғызасыздар. Бірақ ол қағазды қоқысқа тастап жібересіздер сосын. Беттеріңі айттайын сендердің. Мен мұны 4-5 жылдан бері әкімдікке келіп жүргендіктен біліп отырмын. Көмектесеміз, сіздің шағымыңызды қараймыз деп уәде берді. Телефон нөмірімді алып қалды. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ", - деді жиналысқа келген ашынған ана.


Алайда әкімдіктегілер атаулы әлеуметтік көмек алатын аналарға мемлекетке масыл болмай өздірің де, жолдастарың да жұмыс жасаңдар деп отыр. Сөздерінше, жаңа жылдан бастап ұсынған жұмысқа тұрғысы келмейтіндерге атаулы көмек те берілмейді.


"Жұмысты кім жасайды? балабақшаға кім барады жұмысқа? Ауруханада, мектепте кім жұмыс жасайды сонда? Автобусты кім айдайды? Кім сіздерге қызмет жасауы керек, атаулы әлеуметтік көмекке ілініп алсақ? 50 мың теңге жетпейді, 42 мың теңге жетпейді деп күнде шағымдана беруге де болмйды. Бұрын атаулы әлеуметтік көмексіз де өмір сүрдік қой", - деді Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ербол Данағұлов.


Жалпы Ақтөбеде 10 мыңнан астам отбасы мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алады. Мамандардың сөзінше қазір 775 отбасыға беріліп келген атаулы көмек тоқтатылған. Ал үйлеріне келетін крісті жасырған 330 отбасы енді мемлеткеттен заңсыз алған ақшаларын кері қайтаратын болады.


Бұған дейін Шымкентте көпбалалы аналар әкімдікке баса көктеп кіргені айтылған еді.




Көрілген: 872    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2019, 17:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31