Мәселе

Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы біздің қоғамның талабына сай келеді - министр

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді.

 

«Мәжіліс депутаттары мақұлдаған «Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы – Президенттің саяси реформалары пакетіндегі басты бастамалардың бірі. Бейбіт жиналыстарды өткізу еркіндігі біздің елдің Конституциясымен бекітілген. Бұл құқық демократиялық қоғамның негізгі элементтерінің бірі ретінде саналады. Өздеріңіз білетіндей, заң жобасы әртүрлі қоғамдық алаңда талқыланып, жұмыс тобының отырысы көп жерде өтті. Парламентте ҮЕҰ өкілдерінің, ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен ашық түрде және кеңінен талқыланды», - деді Аида Балаева.

 

Оның айтуынша, заң жобасын ашық талқылаудың арқасында Парламент Мәжілісі мен Сенат қабырғасында заң жобасы едәуір концептуалдық өзгерістерге ұшырады. Мақұлданған жобалар халықаралық үздік тәжірибелермен бірге, біздің қоғамның талабы мен сұранысына сай келеді.

 

«Заң жобасының әзірленуіне белсенді атсалысқан депутаттар мен азаматтық қоғам өкілдеріне, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне алғысымды білдіремін», - деді ол. 

 

egemen.kz




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 17:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30