Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бейқам әкім қызметінен босатылды

27 қаңтар 2011, 12:18

Ұйғыр ауданындағы Шарын ауылында болған су тасқынына байланысты ауылдық округ әкімі қызметінен босатылды. Ал тасқынның алдын алу жұмыстарында жіберген кемшіліктері үшін Ұйғыр ауданының әкімі Коюмчан Омаровқа сөгіс берілді.
Су шаруашылығы, табиғат ресурстары, тө­тенше жағдайлар саласының облыстық құ­рылымдары басшылары бақылауды бо­саңсытып алғандары үшін ескерту алды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Серік Үм­бетовтің төрағалық етуімен өткен облыс­тық әкімдік мәжілісінде мәлім болды.
Жиында облыстың 2010 жылғы әлеу­меттік-экономикалық даму қо­ры­тындысы мен осы жылғы мін­дет­те­рі тал­қы­ланды. Сонымен қатар Ұйғыр ау­­данының Шарын ауылындағы су тас­қы­ны­ның се­беп­тері мен одан келген зар­дап­тарды жою та­қырыбы күн тәртібіндегі екін­ші мә­се­ле ретінде қаралды.
Облыс әкімі Серік Үмбетовтің хабарла­уын­ша, облыста қазір 154 суқоймасы бар болса, соның бесеуі – республикалық, 43-і коммуналдық меншікте, ал 15-і иесіз тұр. Аймақ басшысы аталған нысандарды ерекше назарда ұстауды тапсырды. Оған қоса, «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ те­мір­жол желісін салу барысында облыс ау­ма­ғында 29 көпірдің құрылысын жүр­гі­зу­де. Осындай көпірдің өзіне тиесілі ау­мақта са­лынып жатқанынан бейхабар әкім­дер де бар. Аудан әкімдерімен қатар, об­л­ыстық деңгейдегі тиісті басқармалар мен де­пар­та­менттер де құрылыс жұмыс­та­ры­ның талапқа сай жүруін бақылауы тиіс», – деген талап қойды.