Мәселе

Бейтаныс адамдар оқушыларды "Кальмар ойынына" қатысуға шақырып жатыр – видео

  • Бейтаныс адамдар оқушыларды

    Бейтаныс адамдар оқушыларды "Кальмар ойынына" қатысуға шақырып жатыр – видео

Осындай жағдай байқалса, 102 телефонына хабарласуға кеңес берді. Бұл мәселені қалалық полиция басқармасы бақылауға алғаны айтылып отыр

Көкшетаулық оқушыларға WhatsApp арқылы жазып немесе хабарласып "Кальмар ойынына" қатысуға шақырып жатыр. Осыған байланысты қалалық білім бөлімі арнайы бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әлеуметтік желіде пайда болған ойын оңтүстіккореялық "Кальмар ойыны" желісі бойынша жасалған. Сериал қаржыдан қысылып, аралға ойнауға баруға келіскен кейіпкерлер өміріне негізделген. Олар тек бір адам ғана тірі қалғанша ойнайды. Сериал әлем бойынша қызығушылыққа ие болды. Оқушылар сериал сценарийін қайталауға әуес.

"Қазіргі уақытта мұндай факт Көкшетауда да байқалады. WhatsApp арқылы немесе түрлі нөмірден қоңырау шалып "Кальмар ойынына" қатысуға шақырады", - деді қалалық білім бөлімі жетекшісінің орынбасары Айнұр Мусина.

Ол балаларға ойын мен манипуляцияның айырмашылығын түсіндіруге шақырды. 

"Балаларға: "Жоқ, мен мұндай ойынға қатыспаймын", "Бұл қатыгез ойын, маған ұнамайды" деген сөздер үйретіңіз", - деді Мусина.
Осындай жағдай байқалса, 102 телефонына хабарласуға кеңес берді. Бұл мәселені қалалық полиция басқармасы бақылауға алғаны айтылып отыр. 

Бұл оқиғаға байланысты ересектер екі топқа бөлінді. Бірі белгілі "Синий китке" ұқсатса, енді бірі айтарлықтай қауіп көріп отырған жоқ. Олай болса, "Игра престолов" сериалы, Counter-Strike пен Minecraft ойындары да қауіпті дегенді алға тартады. 

Полиция департаменті әзірге түсініктеме берген жоқ.




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.11.2021, 18:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31