Мәселе

БҒМ Семейде мұғалімдердің көше тазалауына қатысты пікір білдірді

  • БҒМ Семейде мұғалімдердің көше тазалауына қатысты пікір білдірді

    БҒМ Семейде мұғалімдердің көше тазалауына қатысты пікір білдірді

Білім министрі Асхат Аймағамбетов 16 қазанда көше сыпырған мұғалімдерге қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр пікірі Facebook парақшасында жарияланды.

"Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген. Шамасы, мұндай тапсырманы қала әкімінің орынбасары беріп, осындай мазмұндағы хат мектептерге таратылған. 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған Заң шеңберінде педагогтерді өзіне қатысты емес қызметтерге тартуға тыйым салынады. Содан бері мұғалімдер тек тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек екенін түсіну үшін уақыт жеткілікті болды", - деді министр.
 
Ол осындай әрекет үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартудан бастап жұмыстан шығаруға дейін 200-ге жуық басшы жазаланғанын еске салды.

"Семей қаласындағы оқиғаға байланысты білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті әкімшілік іс қозғап, тексеру жүргізіп жатыр. Қала әкімі орынбасарының осы жағдайға қатысы расталса, бұл лауазымды тұлға және өзге тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, қажет шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінеміз. Сонымен қатар, қалалық білім бөлімі басшысы да жауапкершілікке тартылады", - деді министр.
Бұған дейін Семей тұрғыны мектеп мұғалімдері сабақ өткізудің орнына сенбілікте көше тазалап жатқанын суретке түсірген болатын.




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.10.2021, 21:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31