Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бiр топ барымташы ұсталды

06 маусым 2011, 16:16

Солтүстiк Қазақстанда мал ұрлаумен айналысып келген топ құрықталды. Олар Тайынша ауданының Обуховка, Ивангород, Драгомировка елдi мекендерiнен жылқы ұрлаған.
Алдымен полицияға «Жаркөл» жылқы шаруашылығынан жедел хабар жеттi. Малшылар ұрыларды дер кезiнде байқап, соңына түскен екен. Бiрақ «Ауди-80» көлiгiн мiнген топ ұстатпай кеткен. Осыдан кейiн аудандық Iшкi iстер бөлiмiнен бiрнеше шұғыл iздестiру тобы құрылды. Iзiнше Обуховка елдi мекенiнде көлiк ұрланғаны туралы хабар келдi. Әлдекiмнiң «Жигулиiн» айдап кеткен кiсi көп ұзамай ұсталды. Оның бұрын мал ұрлағаны үшiн сотталған азамат екенi және оның «Жаркөл» қожалығында болған ұрлыққа қатысы бары анықталды.
Полицейлердiң мәлiметiнше, олар малды қора-қопсы қақпаларын бұзып ашып, айдап әкетудi әбден меңгерген. Қолға түскен бес әккi баукеспенi тiнткен кезде олардан бiрнеше жылқының денесi мен 12 калибрлi аңшы мылтығы табылған. Бұл топтың Тайынша ауданының басқа ауылдарында өткен күзден берi дүркiн-дүркiн жоғалған жылқыларға қатысы болуы мүмкiн. Қазiргi уақытта қылмыстық топтың үстiнен көлiк және мал ұрлығына қатысты екi iс қозғалды.