Бисексуал, трансгендер, лесбиян...

Бисексуал, трансгендер, лесбиян...

Осыдан бірнеше күн бұрын «Каминг-ауттың ұлттық күні» деп аталатын әлемдік мереке болып өтті. Сол мереке қарсаңында Елордадағы Нидерланды елшілігі ЛГБТ (лесбияндар, гомосексуалдар, бисексуалдар, трансгендерлер) туын көтерді. 

Мұндағы «каминг-аут» дегеніміз – адамдардың өздерінің сексуалды бағытын ашық жариялауы. Бұл сөз ағылшын тілінен аударғанда «шкафтан шығу» деген мағынаны білдіретін көрінеді. Яғни осы күні ЛГБТ өкілдері өз құпия­сын жұрт алдында жарыққа шығарады. Атал­ған мейрамның басты мақсаты – ЛГБТ өкілдерінің құқықтарын қорғау болып табылады екен. 

Қанша құқығын қорғағысы келсе де біздің елде мұндай «ерекше жандарға» қырын қарайтыны жасырын емес. Ал әлгі Қазақстанда ЛГБТ жалауын желбіретіп жүрген нидерландықтардың өз елінде дәстүрлі емес жыныстық көзқарас мемлекет тарапынан қолдау тапқан. Тіпті Нидерландыда бір жынысты неке де заңдастырылған. Сондықтан олар үшін бұл қалыпты жағдай саналады. 

Түрлі-түсті тудың бас қаланың төрінде желбіреп тұруы көптің көңілінен шықпаса да біздің елде де сексуалды құштарлығы өзгеше жандардың бар екені жасырын емес. Бірақ олардың халықтың қанша пайызын құрайтыны туралы нақты мәлімет жоқ. Мұны «Kok.team» интернет порталының редакторы, гей-белсенді Данияр Сәбитов те растап отыр. 

«Тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің ешбір елінде ЛГБТ өкілдерінің саны туралы ресми мәлімет жоқ. Тек шамалап айтар болсақ, Қазақстанда ең көп дегенде әртүрлі жастағы және ұлттағы 1,5 миллионнан астам ЛГБТ өкілдері бар. Ғаламтор аса дамымаған заманда ЛГБТ өкілдеріне өз серіктерін табу қиын болатын. Олар белгілі бір орындарда жолығысатын немесе пошта арқылы хат алмасатын. Қазір «Instagram», «ВКонтакте» әлеуметтік желілері арқылы өзара фейк аккаунтпен танысып жатады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гомосексуалдылықтың ауру болып табылмайтынын әлдеқашан жарияласа да көптеген гейлер мен лесбияндар өздері туралы ашық айта алмайды. Жуырда БАҚ беттерінде екі ер адамның нұр-сұлтандық жас жігітті «көгілдір» болғаны үшін оған зорлық-зомбылық көрсетіп, тіпті үтікпен денесін күйдіріп қинағаны туралы жазылған болатын. Сондықтан мұндай жандар өз өмірі, жұмысы, туған-туыстары үшін қорқады, оларға өздері туралы ашық айту қиын. 

Бізге Қазақстанның түкпір-түкпірінен қыз-жігіттерден айына оншақты хат келеді. Олар өздерінің өзгеше сексуалды бағыты үшін үйден немесе жұмыстан қуылғанын, адамдардан ар-намысына тиетін сөздерді көп естігенін, өмірлерінде ұрып-соғу, мазақ ету, бопсалау секілді жайттардың орын алғанын айтып шағымданады. Арасында қоғамдағы қысымға шыдамай өздеріне қол жұмсағандар да бар. 

Жұрт бұл адамдарды өз қалауымен ЛГБТ өкіліне айналады деп ойласа, қателеседі. Кім өз қалауымен ұдайы қорқынышта өмір сүргісі келеді? Ешкім. Біз өз сексуалды бағытымызды таңдаған жоқпыз, біз осылай туылдық. Ғалымдар гомосексуалдылықтың 1500-ден астам жануар түрінде де кездесетінін айтады, яғни мұны қалыпты жағдай деуге болады», – дейді ол бізге берген сұхбатында. 

Сондай-ақ Данияр Қазақстанда ЛГБТ-ны қолдайтын ешбір ұйым немесе мекеменің жоқтығын, оны құруға талпынғанмен жоғары тараптан ешқандай қолдау болмай отырғанын да айта кетті. 

Қоғамнан қолдау таппай отырмыз деп отырған ЛГБТ өкілдерінің өзіндік жанайқайы осындай. Жалғыз біздің елде емес, мұндайларға теріс пиғыл танытатын әлемде қаншама мемлекет бар. Солардың қатарына Ресей, Украина, Израиль елдері кіреді екен. Ал Шешенстан, Иран, Ирак, Сирия, Йемен, Пәкстан елдерінде дәстүрлі емес жыныстық көзқарастағы адамдарды өмірінен де айыратын кө­рінеді. Тіпті, ұрып-соғып, оларды биіктен лақтыратын да жағдайлар кездеседі екен. 

Жалпы, жыныстық көзқарастағы бағыты өзгеше бұл адамдардың басқалардан айырмашылығы қандай? Байқасақ, сексуалды мінез-құлықтың біз білмейтін оннан астам түрі бар көрінеді. 

Мәселен, гомосексуалдар – бір жынысты адамдармен саналы түрде интим қарым-қатынасқа баратын жандар. Соның ішінде ер адамдарға көңілі ауатын еркектерді гейлер десе, әйелдермен серік болуды қалайтын қыздарды лесбияндар деп атайды. Ал өз махаббатын әйелге де, ерге де арнай алатындарды бисексуалдар дейді. 

Трансгендерлер – өздерінің биологиялық жынысына көңілі толмайтын адамдар. Мұндай жағдайда еркек өзін әйел немесе әйел өзін ер адам сезініп, өзге жынысты адамға айналғысы келеді. Соның ішіндегі өзінің жынысын хирургиялық жолмен ауыстырғандарды транссексуал, ал жынысын өзгертуге талпынбайтын, тек әйелдерше киініп, боянатын, әйелдерше қылық жасайтын ерлерді (немесе керісінше) трансвеститтер деп атайды. 

Тек бұл ғана емес, әлемде асексуал, пан­сек­суал, антисексуал, демисексуал, лито­сексуал, аутосексуал секілді өзге де ерекше сексуалды мінез-құлықтағы адамдар кезде­седі екен. 

Жоғарыда айтып кеткен өз жынысына көңілі толмайтын, оны ауыстыруға әрекет ететіндер Қазақстанда да кездеседі. Бірақ біздің елде жыныс ауыстыру өте қымбатқа түсетін көрінеді. Қазақстанда еркектен әйелге айналу 1-1,5 миллион теңгені, ал әйелден ерге айналу 1-3 миллион теңгені құрайды екен. Ал оның қауіпті әрі күрделі ота екендігі айтпаса да түсінікті.

...Кейде адамның табиғатын түсіну қиын. Десе де, бұл өмірге қандай және кім болып келсек те өз жаратылысымызды өзгертуге тырыспаған дұрыс шығар.

М. ӘМІР.
zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста