Мәселе

Биыл 17 бала өрттен көз жұмды

  • https://www.mvestnik.ru/

    https://www.mvestnik.ru/

Елімізде жыл басынан бері 17 бала өрт салдарынан қаза тапты. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Соңғы 3 жылдың ішінде республика аймағында өрт салдарынан 87 бала қаза тапты. Жыл сайын елімізде балалардың отпен ойнауы салдарынан шамамен 300 өрт орын алады», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

 

Оның атап өтуінше, балалар өлім-жітімінің негізгі себебі ата-аналардың оларды қараусыз қалдыруы, ұйықтап қалуы, өрт кезінде дұрыс іс-әрекет жасамауы болып отыр.

 

«Қабылданған іс-шараларға қарамастан жыл басынан бері өрт салдарынан 17 бала қаза тауып, тағы 17 бала жарақаттанды. Иістен улану салдарынан 5 бала қаза тауып, 84 бала уланып қалды», - деді Бауыржан Сыздықов.

 

Комитет басшысының айтуынша, балалардың отпен ойнауы салдарынан туындайтын өрттердің алдын алу мақсатында 1 211 интерактивті сабақ өткізіліп, жас құтқарушылар жасақтарымен 19 жарыс ұйымдастырылды.

 

Өрт-техникалық орталықтарға 17 мыңнан астам баланы қамтыған 738 саяхат ұйымдастырылып, 400-ден астам ашық есік күндер өткізілді.

 

 

 




Көрілген: 282    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 17:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31