Мәселе

Биыл елімізде 680 жасөспірімге жыныстық зорлық көрсетілген

  • https://theworldnews.net/

    https://theworldnews.net/

Биыл елімізде 1400 әйелге зорлық көрсетіліп, 115 мыңы соққыға жығылған. Бұндай оқиға саны бойынша Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында бірінші орында тұр, деп хабарлайды 24.kz.

Зорлық-зомбылықты азайту мақсатында Талдықорғанда үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестік өкілдері, жергілікті әкімдік пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бас қосты. Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияда мамандар өзекті мәселені талқылап, өз ұсыныстарын жасады. Жасөспірімдермен де кездесті.

Жыл басынан бері елімізде 680 жасөспірімге жыныстық зорлық көрсетілген. Бұндай жағдайды болдырмау мақсатында қоғамдық ұйым өкілдері қаладағы білімгерлермен кездесті. Басқосуда әртүрлі кеңес беріліп, тіпті күш қолданылғанда қалай қорғану керектігі де үйретілді.

Файзолла Қаменов, «URANКZ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Біздікі тек қана алғашқы қимылдарда сасып қалмау, қандай да бір әдіс-тәсіл қойылған кезде тек қана сол жерден қашып кету үшін, өзін өзі сақтау үшін мақсат қойып отырмыз.

Еуропа елдерінде адам саны көп болса да, Қазақстанға қарағанда зорлық-зомбылық көрсету оқиғалары аз тіркеледі екен. Сондықтан жиында Польша, Украинада қабылданған шаралар талқыланды. Шетелдіктердің пікірі тыңдалып, ұйым өкілдері өзара тәжірбие алмасты.

Алмат Мұхаметжанов, «НЕМОЛЧИДЕТИ.KZ» қоғамдық қорының директоры:

- Сандарға жүгінетін болсақ, 40 миллион халқы бар Украинада 400 адам жыныстық қатынасқа мәжбүрленген. Ал, бізде 18 млн адамның 1400-іне зорлық көрсетіліп отыр. Біздің қоғамда не дұрыс емес? Қандай шаралар қабылдау қажет? Осындай қиын жағдайдан шығар жол іздеп жатырмыз. Оның шешімі біреу. Яғни, қоғам болып күрескен жағдайда ғана нәтиже болады.

Мамандар «қалыптасқан жағдайды жақсартуға қарастырылып жатқан жаңа заң ықпал етеді»,- деп отыр. Өйткені енді жаза күшейтіліп, қылмыс ауыр санаттағыларға жатқызылмақ.

Дәурен Момбаев, адвокат:

- Қазіргі заңның кемшілігі тиісті шаралар нақты қарастырылмаған. Жаңа заңның айырмашылығы нақты мерзімдер көрсетілген. Нақты қандай шаралар қабылданатыны көрсетілген. Зорлық 5 жылға дейін болса, қазір 8 жылға көтеріліп отыр.

Жиын соңында халықаралық конференцияға қатысушылар өз ұсыныстарын білдірді. Енді соның негізінде арнайы қарар қабылданып, Үкіметке жолданбақ. 




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.11.2019, 22:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30