Мәселе

Биыл жастарға берілетін пәтерлер неше бөлмелі болады?

  • Биыл жастарға берілетін пәтерлер неше бөлмелі болады?

    Биыл жастарға берілетін пәтерлер неше бөлмелі болады?

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы Арманай Қабдешова айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Құжаттарды қабылдау 1-6 желтоқсан аралығында жүргізіледі. Сондай-ақ, құжаттар онлайн түрде astana.gov.kz сайты арқылы қабылданады. Ең бірінші кезекте электронды цифрлық кілт болуы керек. Егер негізгі талаптарға сай келетін болсаңыз, яғни ҚР азаматы болып, атыңызда жылжымайтын мүлік болмаса, соңғы 6 ай бойы жұмыс істейтін болсаңыз, онда байқауға қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі, - дейді ол.

Балдық жүйе қалай есептеледі?

&ndash Отбасының болуы үшін &ndash 5 балл, Некенің әр жылы үшін &ndash 2 балл;

&ndash Баланың болуы үшін-1 балл, келесі әрбір бала үшін &ndash 2 балл;

&ndash Бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы) еңбек қызметі үшін &ndash 5 балл, еңбек өтілінің әр жылы үшін -1 балл;

&ndash нарық сұранысына ие 100 мамандық тізіміне сәйкес мамандықты игерген өтініш берушіге &ndash 10 балл (тізім сайтта жарияланған zhilfond.kz);

 
&ndash жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде 1 жыл &ndash 5 балл, әрбір жыл үшін &ndash 1 балл;

&ndash өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған кезде (кәсіби саладағы жетістіктері ескеріледі) &ndash 2 балл;

&ndash екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы жинақтардың әрбір жылы үшін &ndash 2 балл.

350 пәтер ұсынылып отыр. Пәтерлер Қордай мен Рақымжан Қошқарбаев даңғылы қиылысында, Абылай хан мен Бауыржан Момышұлы көшелері қиылысында орналасқан. Берілетін үйлер 31-47 шаршы метр көлеміндегі бір бөлмелі пәтерлер. Іріктеу отбасы мүшелеріне қарай жүргізіледі. Бір бөлмелі пәтерден үлкен пәтер жоқ. Сол себепті шаршы метрге қараймыз. Егер отбасыңызда бала болса, онда үлкенірек шаршы метрлі пәтер берілетін болады, - деп атап өтті Арманай Қабдешова.

Оның айтуынша, өтініштер қабылданғаннан кейін өтініш жіберген азаматқа құжаттарды қарастыру мерзіміне байланысты sms-хабарлама жіберіледі. «Өтініш қабылданды, түзету қажет немесе қарастырылудан бас тартылды» деген хабарламалар жолданады.

Бас тартудың негізгі себебі &ndash мекенжай анықтамасы болмаса, жас мөлшері келмесе не азаматтың атында мүлік болса. Түзету қажет болса, оған бір күн беріледі, - дейді ол.

 Caravan.kz
 




Көрілген: 1046    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.11.2020, 23:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қаңтар, 23:18
    Тазалықтың 7 ережесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31