Биыл көктемде су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетіле ме?

31 наурыз 2022, 14:01

Мемлекет төтенше жағдайларға тап болған азаматтарға қаржылай көмек көрсетеді. Бұл үшін республикалық және жергілікті бюджеттен резервте қаражат қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

 
«Төтенше жағдайға игерілмеген қаражат жұмсалады. Жоспар бойынша жергілікті атқарушы органдарда жылдық бюджетте қарастырылған қаражат жетпесе, республикалық бюджеттен ақша бөлінеді. Жақында 9 өңірде болған жел мен боран салдарынан зардап шеккендердің шығыны есептеледі. Жыл басында республикалық бюджеттен төтенше жағдайға 7 млрд теңге қарастырылған. Жыл аяғына дейін орын алған төтенше жағдайларға байланысты аталған сома артады», - дейді министр Юрий Ильин.