Мәселе

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында 125 мыңнан астам хабарлама болды

  • Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында 125 мыңнан астам хабарлама болды

    Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында 125 мыңнан астам хабарлама болды

Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында 125 мыңнан астам шағым мен хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы Жасұлан Байкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Зорлық-зомбылық - бұл даулы әлеуметтік проблема, өйткені ол құрбандардың өздеріне тікелей әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге қоғамды тұрақсыздандырады, әлеуметтік тәртіпке қауіп төндіреді. Зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрлерінің бірі - тұрмыстық зорлық-зомбылық. Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында 125 мыңнан астам шағым мен хабарлама келіп түсті», - деді Ж. Байкенов онлайн брифингіде. Оның айтуынша, осы фактілерді қарастыру кезінде 9 645 адамға қатысты сот олардың тәртібіне ерекше талаптарды бекітті. 40 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 70 228 адамға қорғау туралы нұсқау берілді», - деді басқарма басшысы.
ҚазАқпарат




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 12:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31