Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Биылдан бастап жәрдемақы 27 пайызға көбейеді

02 қаңтар 2018, 10:20

Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа сипатқа ие болды. Бұрын беріліп келген бірнеше жәрдемақы бір жүйеге біріктірілді. Жоба шартты және шартсыз ақшалай көмекке бөлінген, деп хабарлады 24.kz.

Шартсыз көмек еңбекке жарамды мүшелері жоқ отбасыларға тағайындалады. Ал шартты қаржылай жәрдем отбасында кем дегенде бір еңбекке жарамды мүшесі бар отбасыларға беріледі.
Жәрдемақы мөлшері орта есеппен 27 пайызға көбейеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

– Мысал үшін I топтағы мүгедектер 2017 жылы 43 мың 538 теңге алатын болса, жаңа жылдан бастап 54 мың 306 теңге алады. Екінші топтағы мүгедектер 33 мың 999 теңге алатын болса, енді 43 мың 275 теңге алады. Сәйкесінше III топтағы мүгедектер 23 мың 97 теңге алатын болса, 29 мың 416 теңге алады, – деп түсіндірді ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің бас сарапшысы Ғазиза Иманғали.

Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы түрлерін біріктіре отырып, оңтайландыруды және мөлшерін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл атаулы әлеуметтік көмек – кәмелетке жасы толмаған балалары бар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы. Ал соңғысы бойынша 2018 жылға дейін жәрдемақы алып келгендер үшін өзгеріс болмайды.

Жәрдемақы мөлшерін көбейту кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру арқылы мүмкін болды. Енді бұл көрсеткіш 28 мың 284 теңгені құрайды. Өткен жылмен салыстарғанда 16 пайызға артты.

Еліміз бойынша жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек бір миллионға жуық адамға беріледі.

Sputnik