Мәселе

БҚО-да иттердің малға шабуылы видеоға түсіп қалды

  • БҚО-да иттердің малға шабуылы видеоға түсіп қалды

    БҚО-да иттердің малға шабуылы видеоға түсіп қалды

  • БҚО-да иттердің малға шабуылы видеоға түсіп қалды

    БҚО-да иттердің малға шабуылы видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желілерде БҚО-дағы Жаңақорған ауданында сиырларға иттердің шабуыл жасағаны түсірілген видео тарап жатыр. Ата-аналар иттер балаларға да шабуыл жасай ма деп қорқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уралская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Жаңақала ауданы тұрғындарының айтуынша, билік бұл мәселені шеше алмайды.

Ата-аналар малға шапқан иттер балаларға да шабуыл жасайды деп қорқып, балаларды мектепке жалғыз жібермейді.

Жергілікті тұрғындардың бірінің айтуынша, ауданның ветеринарлары иттерді атуға мүмкіндік беретін заң жоқ екенін мәлімдеген. Тамыз айында ол иттердің ағасының малына қалай шабуыл жасағанын өз көзімен көрген. Содан кейін иттер екі ешкі мен бір қошқарды жеген. Ол иттердің адамдарға шабуыл жасауы туралы естімеген, бірақ ондай қауіп бар екеніне сенімді.

Әкімдіктегілер "бұл мәселені шеше алмайтынын" айтты, өйткені облыста қаңғыбас иттерді ұстауға болатын орын жоқ", &mdash дейді Айболат Бөкенов.

Жаңақала аудандық ветеринарлық станциясының директоры Мұрат Досмұхамедов биыл 200-ден астам қаңғыбас ит атылғанын хабарлады.

"Қараша айында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің ветлиникасымен бірлесіп қаңғыбас жануарларды аулау, зарарсыздандыру және чиптеу туралы шартқа қол қойылды. 50 қаңғыбас итті аулап, университетке жібердік. Оларды зарарсыздандырды, содан кейін қайта әкелді. Бәрібір бүгінде қаңғыбас иттер көп. Енді шағым түскен жағдайда оларды атуға кірістік. Бір жыл ішінде 200-ден астам қаңғыбас ит атылды. Егер бізге шағым түссе, біз атамыз. Өйткені, олар малға шабуыл жасаса, ештеңе болмайды, бірақ олар адамдарға шабуыл жасай алады", - дейді Мұрат Досмұхамедов.




Көрілген: 1735    Пікірлер: 0

сенбі, 02.01.2021, 19:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28