БҚО-да құралай неден қырылды?

21 мамыр 2023, 09:06

Батыс Қазақстан облысында бөкендер баудай түскен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Кеше кешкісін Жәнібек ауданы Ащыөзек өзенінің бойында, ​ Казталовка-Жәнібек жолының оңтүстік бетінде 243 бас киіктің өлексесі табылды. Оның 236-ы құралай болса, 7-уі аналық екен.

 

Лақтардың мұрнынан қан кеткен, іштері кеппеген. Киіктер уланды ма әлде жұқпалы індетке шалдықты ма – әзірге белгісіз.

 

Оқиға орнына жедел жеткен ветеринарлық қызмет пен Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары ауадан, судан, топырақтан сынама алған.

 

Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің зертхана қызметкерлері де оқиға орнына жетіп, жануарлардан патологиялық материал жинапты.

 

Түс ауа жергілікті әкімдіктің күшімен киіктердің төшкесі жиналып өртелді.