Мәселе

БҚО оқушысының зорланғанын жасырған мектеп директорына үкім шықты

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында оқушысының зорланғанын жасырған мектеп директоры Ләззат Қожахметоваға үкім шықты.

 

Жаңақала аудандық сотының хабарлауынша, ол өз шәкіртіне өгей әкесінің азғындық жасағанын білсе де, ауыр қылмысты жасырып қалуға тырысқан. Тіпті өз қызметкерлерімен жиын өткізіп, бұл оқиғаны құқық қорғау органдарына хабарлауға тыйым салған.

 

Бұл аздай зәбір көрген оқушының шешесінен қызды басқа мектепке ауыстыруды талап етеді.

 

Сот оны   кінәлі деп тауып, үш жыл  бас бостандығын шектеді.  

 

Қызметінен уақытша шеттетілген Ләззат Қожахметова пробациялық бақылауда болады.

 

Ілияс ІРГЕБАЕВ, ЖАҢАҚАЛА АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

 

- Қожахметованың қылмыстық әрекетсіздігінің нәтижесінде қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер өгей әкесімен екі мәрте жасалған. Сотталушының кінәсі куәлардың, беттестіру жүргізу хаттамаларымен дәлелденді.

 

Бірақ сотталушы Лариса Қожахметова үкіммен келіспейді.

 

Оның қорғаушылары да мектептен тыс жерде болған оқиғаға директордың айыпталуы қисынсыз екендігін әрі бұл істің толық дәлелденбегенін айтып отыр. Олар мұндай сорақылықтың Қазақстанда алғаш рет болғанын мәлімдеп, халықаралық соттарға дейін шағымданатынын жеткізді.

 

Асылхан НҰРХАНОВА, БҚО АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 

- Жас баланың болған-болмағанына анасы сенбедім деп тұр ғой. Енді қараңыз: бұл жерде мектеп мұғалімдеріне келіп айтты деп тұр. Әлі күнге дейін анасының тарапынан полицияға түскен арыз жоқ. Өгей әкесі тиісті, осындай факті орын алды деген арыздың болмауының өзі мұндай қылмыстың болмағанының дәлелі болып табылады. Ең басты факт осы бұл істе.

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 1004    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 10:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31