Мәселе

Білім министрінің 1 қыркүйекке дейін даладағы дәретханалар жойылады деген уәдесі орындалмады

  • Білім министрінің 1 қыркүйекке дейін даладағы дәретханалар жойылады деген уәдесі орындалмады

    Білім министрінің 1 қыркүйекке дейін даладағы дәретханалар жойылады деген уәдесі орындалмады

Бірінші қыркүйекке дейін даладағы дәретханаларды жойып, мәселені толық шешеміз деген білім министрі Асхат Аймағамбетовтың мақсаты орындалмай қалды. Себебі оқушылары далаға шығып жүрген мектептер әлі аз емес. Оған әлі де сыртқа сұранып жүрген оқушылар дәлел. Әсіресе Алматы, Түркістан және Қызылорда облысының бірқатар мектебінде жағдай мүлдем жасалмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандағы 100 мектепте әлі жылы дәретхана жоқ және оны бірінші қыркүйекке дейін шешеміз деген Асхат Аймағамбетовтың тапсырмасы Қызылорда облысында орындалмай тұр. Шиелі ауданындағы №48 мектептің балалары әлі күнге даладағы әжетханаға баруға мәжбүр. Бірақ білім ұясының басшысы мектеп ішіне әжетхана орнатылған және балаларға сонда баруға болады дейді.

 
Әжетхана мәселесі Түркістан облысында да өзекті. Мұнда 38 мектептің ішкі дәретханасы жоқ. Мәселен жаңадан құрылған Сауран ауданындағы 6 мектепті айтпағанда, осы проблема облыс орталығы Түркістан қаласының 7 мектебінде де бар. Мамандар облыстағы қырыққа жуық білім ошағының жайы қыркүйектің аяғында шешіледі деп сендірді. Ал Жетісайдағы мына мектепте де оқушылар сырттағы әжетханаға барып жүр. 

“Келісімшарт бойынша осы аптаның соңына, он екісіне жоспарланған. Енді сатып алу порталы әр кезде жүргізілді. Бірақ келісімшарттың мерзімі әртүрлі болғандықтан осы аптаның соңына дейін мердігер мекемелер бітіреміз деп айтып жатыр”, – дейді Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Асқар Тәтеев. 

Білім министрінің уәдесі әзірге қашан орындалары белгісіз. Сондықтан ауыл балаларына қақаған қыста да сырттағы дәретхананы пайдалануға тура келетін сыңайлы.




Көрілген: 570    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 10:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31