Мәселе

Блок-бекетте дәрігер жүргізушіні карантинге жабам деп қорқытқан (видео)

  • https://jasqazaq.kz/

    https://jasqazaq.kz/

Қостанай облысында медицина қызметкері блокбекет арқылы жүк тасымалдап бара жатқан ер адамды екі күндік карантинге жатқызамын деп қорқытты.

 

Видео Желіде тарады. Facebook-тегі «Ватсап Қазақстан» тобының парақшасында оқиғаның кадры жарияланды.

 

Медицина қызметкері жүргізушіден қандай жүк алып бара жатқанын сұрайды. Неліктен сұрағанын білгісі келген жүргізушіге: себебі, «блокбекетте тұрмын» деді медициналық қызметкер.

 

«Командир тұр, не алып бара жатқанымды оған айттым. Медицина қызметкерлері қандай жүк деп неліктен сұрайды? Мен таңғалып отырмын», — деп жауап берді жүргізуші.

 

Содан соң медқызметкер қорқыта бастады.

 

«Мен қазір сізді екі күнге карантинге жатқызамын. Құқығым бар. Көлікті қалдырасыз және карантинге барасыз», — деді әйел.

 

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасындағылар оқиғаның Жітіқара блокбекетінде болғанын айтты.

 

«Медицина қызметкері жүргізуші өзін дөрекі ұстағаны үшін эмоцияға берілгенін түсіндірді. Өзінің қызметтік міндеттерін орындап тұрған мамандардың — полицейлер мен медқызметкерлердің көліктен түсіңіз деген өтінішіне тіл тигізіп жауап берген. Конфликт туғызуға ұмтылған. Бекет қызметкерлеріне кабинаға отырып, қызмет көрсетуін талап еткен. Оның талаптары дөрекі формада болған», — деп түсіндірді ведомстводағылар.

 

Дегенмен медицина қызметкері жазаланған.

 

«Оған тәртіптік жаза — сөгіс жарияланды. Ол өзінің кінәсін, оның ішінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғанын және әдеп нормаларын бұзғанын мойындады», — деп түсіндірді ведомстводағылар.

 

ВИДЕО:  https://www.instagram.com/krispi_almaty/?utm_source=ig_embed

 

jasqazaq.kz
 




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.05.2020, 21:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31