Мәселе

Блок-бекеттегі апат: кінәлі азаматтың әкесі жаңа мәлімдеме жасады (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматыдағы бақылау-өткізу пунктіндегі апатқа кінәлі азаматтың әкесі жаңа мәлімдеме жасады. Талғат Мұқашевтың айтуынша, ол ұлының жұмыстан өз қалауы бойынша шыққанын білмеген. Сонымен қатар, ер адам қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
 

Видео Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланған.

 

"Құрметті Қазақ елі. Кеше мен интервью беріп едім, ұлым Азат туралы. Мен оны білмедім. Ұлымның әріптестеріне тағы да басымды иіп, көңіл айтам. Менің де қабырғама батып тұр. Өмірден жас баланың кетіп қалғаны артта қалған ата-ананың жылап қалғаны әр қазақтың қабырғасын қайыстыратынын мен де жақсы түсінемін. Бәріңізден кешірім сұраймын! Елімнен, жерімнен. Бірақ менің балам коронавирусқа қарсы демалыссыз жұмыс істеп, соған шыдамай, өз еркімен кетіп қалғанын мен білмедім. Мен оны білсем, кеше осындай сөз айтпас та едім. Бірақ өмір талқы осындай болып тұр. Мен оны білгенім жоқ. Мен енді ғана білдім осы жұмыстан өз еркімен шыдамай, кетіп қалғанын. Ол менен қорықты ма білмеймін, мен де қатал өсірмедім баламды.

Тек адамгершілік деген ұғымнан асқым келмейді. Мен де адам баласымын ет пен сүйектен жаратылған. Ешкімнің баласына қиянат жасағым келмейді. Әр адам баласының басында бар шығар мұндай нәрсе, қателесу деген. Балам да қателескен шығар, мен де дұрыс тәрбие бере алмаған шығармын, бірақ ойлаймын, ол жаман бала емес. Өмір болған соң бәрі болып жатқан шығар. Халқым, мен сіздерден кешірім сұраймын! Сөге көрмеңдерші! Сіздер де ата-анасыздар ғой", – деді Талғат Мұқашев.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/tv/CAvTkR9ntat/

 

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін қиған жол апаты 25 мамыр таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған. BMW көлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған ер адам әуелі бетон қоршауға, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан болатын. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған. Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

 




Көрілген: 1927    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 12:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31