Мәселе

Блок бекеттер арқылы зат беріп жіберуге бола ма

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев блок бекеттердің жұмысы жайлы кеңірек түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оның айтуынша, әзірге блок бекеттер арқылы зат алысуға болады.

 

«Мен осы жерде тұрғанда 60 жастағы адам келіп 80 жастағы анасына Талғар қаласына дәрі беруі керектігін айтып өтініш жасады. Бұл дәрілер сол жақтағы дәріханаларда жоқ екен. Мұндай жағдайда әрине, біз түсіністікпен қарап, тауарды беріп жібереміз», - деді ол.

 

Оның айтуынша, блок бекеттері арқылы белгілі бір себептермен қаладан тыс қалған балаларды да өткізуге болады.

 

«Тек қана балалар емес. Ересектер де бар. Мысалы, ауруханадан шыққан Алматы облысының тұрғындары өтіп жатыр. Яғни, 100 пайыз өткізбейді деген түсінік жоқ. Бекет арқылы өтпек болған әр адамның мәселесін жеке қарауға тырысып жатырмыз», - деді Жандос Мұраталиев.

 

Ал 22 наурыздан бастап қалаға кіріп-шығуға мүлде тыйым салынады. Сол уақыттан бастап шаралар күшейтіледі.

 




Көрілген: 202    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 18:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31