Мәселе

Блокпосттаға апатқа қатысты тың дерек пайда болды

  • https://rus.azattyq-ruhy.kz/

    https://rus.azattyq-ruhy.kz/

Алматы қаласында екі полицейдің өліміне себепкер болған жол апаты жайлы тың дерек шықты. Атап айтқанда, екі айға қамалған күдіктінің ісі "жол апаты кезіндегі кісі өлімінен" "қасақана кісі өлтіру" бабына өзгерген және қанды оқиға орын алған күні "Сергек" камералары істен шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап.

 

Оңтүстік астанадағы жұмбағы сейілмеген қанды оқиға жайлы ақпарат легі әлі толастар емес. Қос тәртіп сақшысының өмірін жалмаған жол апаты расында қоғамды дүр сілкіндіріп, талайдың көңіліне қаяу түсірді.

 

Блок-бекеттегі апаттың ақ-қарасын ашуға "Сергек" камераларының көмегі тиер еді. Дегенмен, полиция департаменті дәл сол күні құқықбұзушылықты тіркейтін камералар істемей қалды деп ақталып отыр.

 

31 арна тілшісінің айтуынша, қазір блок-бекет қалыпты жұмысқа көшкен. Алайда, жол-көлік оқиғасынан соң үш күннен кейін "Сергекке" қызмет көрсететін компания өкілдері келіп, камераларды тексерген. "Көркемтелеком" өкілдеріміз деген екі адам бағанаға шығып, қатты дискіге ұқсас затты қалтасына салып, басқасын жәшік ішіне орнатыпты. Олар "камера істемей қалуы мүмкін, бұл да техника ғой" деп жауап берген.

 




Көрілген: 1248    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 10:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31