Мәселе

«Боқ пен қоқысқа толы»: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының баннерімен «жыртық-тесікті» жамаған

  • «Боқ пен қоқысқа толы»: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының баннерімен «жыртық-тесікті» жамаған

    «Боқ пен қоқысқа толы»: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының баннерімен «жыртық-тесікті» жамаған

«Мен өзім талай обьектіні салдым. Талай қарсылық білдірдім. Обьектінің сыртына осылай жазып қойғанмен бірдеңе өзгере ме деп талай сұрадым. Рәсуа жай ғана. Обал өзі».

Журналист Мұхтар Түменбайдың пікірінше, «елдің абыройын арттырып, рухымызды оятады, руханиятымыздың кәусар бұлағын ашады» деп үміттенген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қадірі кеткен.


Мәселен, қоғамдық ортадағы кемшіліктерге қырағы көзімен қарайтын журналист осынау олқылыққа байланысты жеке азаматтық пікірін facebook парақшасында жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.


«Астанада не көп, құрылыс көп. Солардың бәрі дерлік осы тәрізді баннерлермен қоршалған. Менің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты комитетке бір сауалым бар.Сендер шынымен де боқ пен қоқысқа толы, апан-топан, шаң-тозаң болып жатқан құрылыс объектілерінің шарбақтарын осылай безендірсек, ел-жұрттың санасы жаңғырып, көкірегі оянады деп есептейсіңдер ме? Әлде, бөлінген қаржыны қайда жұмсарларыңды білмей, қор болып жүрсіңдер ме? Тым жақсы идеяның берекесін кетірдіңдер-ау аяғында», - деп жазды әріптесіміз.


Оның сөзінше, қазіргі таңда аялдама, одан қала берді, құрылыс нысандары мен түрлі көшелердің «жыртық-тесіктерін» білдіртпей жауып тұру үшін «Рухани жаңғыру» идеясының белгісі бар баннерлерді жапсыру «сәнге» айналған.


Қоғамдық түйткілді қалт жібермейтін қалам иесінің ойы «қонақ келгенде үйдегі бұрыш-қуыстың кем-кетігін сыйлы кісілерге көрсетпеу мақсатында әдемі кілемді іліп немесе төсеп қойып жабатын» дегенге саяды.


Айтпақшы, желі белсендісінің бұл пікіріне оқырмандар да бей-жай қарамады.


Мысалы, Almagul İsina атты кісі «100 жаңа есімде» де осыған ұқсас жағдай десе, Ербол Сулейменов есімді желі қолданушы: «Аға, дөп түстіңіз! Мен өзім талай обьектіні салдым. Талай қарсылық білдірдім. Обьектінің сыртына осылай жазып қойғанмен бірдеңе өзгере ме деп талай сұрадым. Рәсуа жай ғана. Обал өзі», - деп отыр.


Мән беріп оқысақ, Мұхтар Түменбай жауапты кісілерге осы олқылыққа байланысты көптің көкейінде жүрген нақты жанайқайды жеткізген. Тек оны «естіген құлақ есебін берсе болғаны». 




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

жұма, 18.10.2019, 10:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30