Мәселе

Болат Дембаев Қордайдағы оқиғаны тергеу амалдарына қатысты түсінік берді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев Қордай ауданында болған оқиғаны тергеу амалдарына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қордай ауданындағы оқиға бойынша бес адам ұсталды. Оның екеуі бұзақылық фактісімен, егде жастағы адамға қол жұмсау бойынша. Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне бағынбау фактісі бойынша күдіктілер құрықталды. Бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын», - деп еске салды Дембаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

 

Сонымен қатар ол ғимаратты өрттеу, адам өлтіру фактісіне қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын атап өтті.

 

«Күдіктілерді ұстау шаралары жүргізілмеді. Себебі іс материалдары өте көп», - деп түсіндірді ол. Бұл тұрғыда ол күдіктілер әлі де анықталмағанын атап өтті. «Әзірге, күдіктілер анықталған жоқ. Видео материалдардың барлығы қамтылып, қаралып жатыр. Осыдан кейін шешім қабылданады», - деді Болат Дембаев.

 




Көрілген: 382    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 13:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31