Мәселе

"Болжамдар нақты емес": Қазгидромет директоры синоптиктерге айтылған сынға жауап берді

  • "Болжамдар нақты емес": Қазгидромет директоры синоптиктерге айтылған сынға жауап берді

"Қазгидромет" басшысы ауа райын болжау кезінде қолданылатын техниканың ескіргенін айтты. "Қазгидромет" мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Марат Қынатов Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің сынына жауап берді.

Ол 4 сәуір күні өткен баспасөз мәслихатында "Қазгидромет" жұмысы жақсарғанымен, жасайтын болжамы әлі де нақты емес екенін мәлімдеген болатын.

Сынға жауап берген Марат Қынатов соңғы 40 жылда 2-3 айға бірыңғай маусымдық гидрологиялық болжам жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, өзендердегі су тасқыны басталмас бұрын жасалатын мұндай болжам кейде, тіпті, 200-300%-ке дейін қате болатын.


"2018 жылы "Қазгидромет" гидрологиялық жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшті. Еуропа елдері мен Солтүстік Америка тәжірибесіне сүйене отырып, апта сайын гидрологиялық болжам әзірлейміз. Өзен бассейні бедерінің цифрлық моделі қолданылады. Осының арқасында миллиондаған текше метр (миллион м3) ылғал қоры көлемінің өзгеру қарқыны есептеледі. Бұған дейін бұл ақпарат миллиметрмен берілетін" ,- деді "Қазгидромет" басшысы.


"Қазгидромет" басшысының айтуынша, гидрологиялық болжам апта сайынғы болжам нәтижесінде жасалады. Ал өзен суының ағысын есептеу кезінде сандық математикалық модель қолданылады.


"Жаңа жүйе енгізілгеннен бері гидрологиялық болжам қателігі барынша азайып, бар болғаны 9-10%-ке жетіп отыр", - деді Қынатов.


Оның айтуынша, өткен жылдан бері "Қазгидромет" пен Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері аңғар, жыралар мен ойпаттардағы жағдайды бірге тексереді.

"Бұл бастаманы Қазгидромет көтерді. Төтенше жағдайлар комитеті бірлескен бұйрыққа тек төрт айдан соң ғана қол қойды", - деді Қынатов.


Мемлекеттік метеорологиялық орталық басшысы ауа райын болжауға арналған техниканың ескіргенін атап өтті. Құрал-жабдықтың басым бөлігі өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бері қолданылады екен.


"Қаржы министрлігі 2018-2022 жылдарға арналған жаңғырту бағдарламасына ақша бөлді. Оның нәтижесі бағдарлама аяқталған соң көрінетін болады" , - деді ол.


Қынатов аймақтардың су тасқынына дайындығы "Қазгидрометтің" жауапкершілігі емес екенін атап өтті. Ол синоптикалық болжамға қатысты сын негізсіз деп отыр.


"Өкінішке қарай, атмосфералық процестерді түсінбегендіктен, Владимир Беккер "Қазгидромет" болжамына қатысты қате пікір білдіріп отыр", - деді Қынатов.


Еске сала кетсек, өткен жылдары да Төтенше жағдайлар комитеті "Қазгидромет" нақты болжам жасай алмайды деп сынаған болатын. Орталық өкілдеріне ақталуға тура келді.l 




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

сенбі, 06.04.2019, 11:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31