Мәселе

«Бөлінген ақша қайда?»: депутат Маминнен тез арада халық алдында есеп беруді сұрады

  • «Бөлінген ақша қайда?»: депутат Маминнен тез арада халық алдында есеп беруді сұрады

    «Бөлінген ақша қайда?»: депутат Маминнен тез арада халық алдында есеп беруді сұрады

Депутат Нұржан Әлтаев Үкімет басшысы Асқар Маминге Covid-19 індетімен күрес жұмыстарының нәтижелері бойынша Мәжіліске келіп, халық алдында есеп беруін сұрады. Ол өзінің бұл ұсынысын депутаттық сауалында атап көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутаттың айтуынша, Үкіметтің індетпен күреске толық дайындығы болған, бюджет қазынасынан да қыруар қаржы бөлінген. Бірақ қолдағы цифрлар, керісінше олардың бұл істі дұрыс атқара алмағанының салдары екенін айқындап отыр.

"Бұл кезде кейбір мемлекеттік органдардың қабілетсіздігі, жауапсыздығы мен атқарған жұмысының тиімсіздігінің салдары анық көрінді. бұл ащы да болса шындық. Енді осының бәрінен біз қорытынды жасап, жағдайды түзетуге тырыспасақ, алда ол алдымыздан шығып, оңдырмасы анық.

Құрметті Асқар Ұзақпайұлы, сізден осында - Парламентке келіп, халық алдында, біздерге - халық өкілдеріне Covid-19-пен күрес бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері, бөлінген орасан зор қаражатты пайдалану туралы егжей-тегжейлі есеп беруіңізді сұраймын. Коронавирус құрбандары неге көп, қазіргі шарасыз жағдайдың себептеріне не себеп болды? Бұл сауалдар жауап беруді күтеді. Жарайды, Денсаулық сақтау министрін орнынан алып тастадық, осымен сонда іс бітті ме? Бұл жағдайға, өткен қателіктерге сонда ешкім жауап бермей ме? Оған кім жауап беруі керек", - дейді өз сауалында депутат.

Сонымен қатар, ол үкімет басшысына кейбір мемлекеттік органдардың өз міндетін дұрыс орындай алмауының себебі мен салдары бойынша жағдайды талдауды да ұсынды. Ол Үкімет басшысына көп созбай, қысқа мерзім ішінде Парламентке келіп, тез арада бұл мәселеге қатысты есеп беруін сұрады.




Көрілген: 841    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.09.2020, 23:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31